Өскемен тұрғындары «жарылыс» туралы ескертілді

Бүгін Өскемен қаласында жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

«УК Трансвзрывпром» ЖШС 29 маусым күні сағат 11:00-18:00 аралығында арматура зауыты ауданында жарылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

«Арматура зауытындағы құм қоймасын, бұрынғы болат құю цехын құлату мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізіледі», – деп мәлім етті облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте