Данияр Ақышев - Ұлттық Банк екі жылдан аз уақытта инфляция деңгейін 3 есеге жуық төмендете алды

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында ҚР Парламентінің Сенатында парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеу барысында  экономикадағы банктердің рөлі және Қазақстандағы кредиттеу ерекшеліктері туралы айтып берді.

Өз сөзінде ол негізгі үш мәселеге: банктер жұмыс істейтін соңғы макроэкономикалық талаптарға; банктердің экономиканы кредиттеу ерекшеліктері мен ағымдағы проблемаларына; Ұлттық Банктің банк секторы проблемаларын шешу және банктердің экономиканы кредиттеуін қалпына келтіру бастамаларына тоқтады.

Д. Ақышев Ұлттық Банк 2 жылдан аз уақытта инфляция деңгейін 2016 жылғы шілдедегі ең жоғары 17,7% мәннен 2018 жылғы наурызда 6,5%-ға дейін 3 есеге жуық төмендете алды деп атап өтті.

«Төмен инфляция елдегі экономикалық, ивестициялық белсенділік кепілі және кредиттер бойынша мөлшерлемені төмендету үшін негізгі аспект болып табылады. Сондықтан инфляцияны 5-7% дәлізде ұстап тұру ағымдағы мақсат болады. Орта мерзімді мақсат – 2020 жылдан бастап 4%-дан төмен», - деді Ұлттық Банктің басшысы.

 

             Д. Ақышев инфляция деңгейінен кейін ішкі нарықта ақша құнының негізгі индикаторы болған Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендетеді деп ақпарат берді.

 «Бұл іс жүзінде жұмыс істейтін мөлшерлеме. Қазақстандағы ақша нарығы толығымен базалық мөлшерлемемен байланысты жұмыс істейді. Банктер депозиттер мен кредиттер бойынша мөлшерлемені белгілегенде базалық мөлшерлемені негізге алады.  Мысалы, кредиттер бойынша теңгемен мөлшерлемелер 2016 жылғы қаңтардағы  25,8%-дан 2018  жылғы наурызда 12,8%-ға дейін төмендеді», - деп түсіндірді Д. Ақышев.

 

Данияр Ақышев - Ұлттық Банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануды жалғастыруда

 

Ұлттық Банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануды жалғастыруда. Бұл валюта нарығындағы ауытқуды жинақтамауға, Қазақстан тауарларының бәсеке қабілеттілігіне қолдау көрсетуге және алтынвалюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде  Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында ҚР Парламентінің Сенатында парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеу барысында  айтып берді.

Ол теңге бағамын валюта нарығына қатысушылар іргелі факторлардың әсерімен шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы негізінде қалыптастырады деп атап өтті.

 «Ұлттық Банк оның іргелі үрдісіне кедергі жасамайды және валюта нарығына қатысуын барынша азайтты», - деді Д. Ақышев.

Ол еркін өзгермелі айырбастау бағамына өту төлем балансындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді деп те ақпараттандырды.

«Төлем балансы – елдің барлық мәмілесінің сыртқы әлеммен балансы, яғни Қазақстан мен басқа елдер арасындағы валюта мен капиталдың бүкіл ағыны.Төлем балансы тепе-тең болса, валюта нарығы да тепе-тең болады. Әйтпесе айырбастау бағамына қысым болады: теріс төлем балансы кезінде – ұлттық валюта әлсірейді, оң болғанда – нығаяды», - деп айтып берді Ұлттық Банктің басшысы.

Д. Ақышев 2015 және 2016 жылдары теріс төлем балансы теңгенің елеулі әлсіреу факторының бірі болды деп атап өтті. «2017 жылы жағдай біртіндеп жақсарды, ағымдағы операциялар шотының дефициті 40%-ға төмендеді. 2018 жылғы бірінші тоқсанда ағымдағы шот іс жүзінде нөлдік деңгейде тұр. Мұндай жағдай қатарынан екі тоқсан бойы байқалуда. Биыл оның одан әрі жақсаруы күтіледі, бұл теңгенің айырбастау бағамына оң әсер етеді», - деп қорытындылады Ұлттық Банктің басшысы.

 

Данияр Ақышев - Жағымды ағымдағы жағдай және оң макроэкономикалық болжам банктердің кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге негіз жасайды

 

Жағымды ағымдағы жағдай және оң макроэкономикалық болжам банктердің кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге негіз жасайды. Бұл жөнінде  Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында ҚР Парламентінің Сенатында парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеу барысында  айтып берді.

Ол болашақ ынталандыру шаралары туралы айтпас бұрын соңғы жылдары банк секторында жинақталған проблемаларға тоқталған жөн деп атап өтті. «Депозиттердің құрылымы теңгемен сияқты валюталық жинақтармен әрдайым берілді. Экономикалық жағдай жағымсыз дамыған кезде валюта бөлігіне қарай ауытқу орын алды. Соңғы жылдары біз Қазақстанда долларлану деңгейін төмендетудің оң серпінін қалыптастыра алдық. 2016 жылғы қаңтардағы 70%-дық ең жоғары мәннен оның деңгейі 2018 жылғы наурызда 44%-ға дейін төмендеді», - деді Д. Ақышев.

Ол валюталық кірісі жоқ компанияларды шетел валютасымен кредиттеуге болмайды деп толықтырды. Валюталық тәуекел құбылған кезде ол кредиттік тәуекелге ауысады, банк салымшылар ұшыраған проблемаларға ұшыра бастайды. Ұлттық Банк заң деңгейінде жеке тұлғаларды шетел валютасымен кредиттеуге тыйым салды.

«Алайда, валюталық депозиттердің көлемі валюталық кредиттер көлемінен артып тұр. Долларлану төмендеуіне қарай жағдай біртіндеп түзеле басталады. Ал қазірге банктер өзінің валюталық позициясын валюта нарығының құралдарымен теңестіруде», - деп ақпараттандырды ол.

«Өкінішке орай, депозиттік базаның долларлануын біз тез арада жоя алмаймыз. Шетел валютасында қомақты салымдар бар. Бұл салымдар ірі клиенттерге немесе банктермен байланысты адамдарға тиесілі. Олар үшін бірінші кезекке депозиттер бойынша мөлшерлемелер немесе ҚДКҚ тарапынан кепілдік мәселесі емес, олардың сақталу мәселесі тұр», - деп қорытындылады Ұлттық Банктің басшысы.

 

Данияр Ақышев – Кәсіпорындардың ағымдағы қызметін қаржыландырудың негізгі көзі кредиттер емес, үнемі кәсіпорындардың меншікті қаражаты болған

 

Кәсіпорындардың ағымдағы қызметін қаржыландырудың негізгі көзі кредиттер емес, үнемі кәсіпорындардың меншікті қаражаты болған. Бұл ағымдағы кезеңнің мәселесі емес, экономика дамуының жүйелі ерекшелігі. Ұлттық Банк кәсіпорындарды 2000 жылдың басынан бері бақылауда. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеген кезде айтып берді.

Ол банктердің кредиттері кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінде айтарлықтай рөлі жоқ екендігін атап өтті. Инвестицияларды қаржыландырудағы  кредиттер үлесі әдетте 20%-дан аспайды.

Кәсіпорындардың ағымдағы қызметін қаржыландырудың негізгі көзі меншікті қаражаты болып қалуда. Кәсіпорынның 80%-ынан астамы айналым қаражатын толықтыру үшін меншікті қаражатты пайдаланады, кәсіпорынның шамамен 60%-ы негізгі қаражатты меншікті көздерден қаржыландырады», - деді Д.Ақышев.

 

Д.Ақышев – Соңғы 10 жыл ішінде сыртқы қарыз алу мен борыштық бағалы қағаздардың үлесі төмендеді

 

Соңғы 10 жыл ішінде сыртқы қарыз алу мен борыштық бағалы қағаздардың үлесі төмендеді, олар ұзақ мерзімді және тиісінше орнықты қорландыру ретінде қаралады. Оларды шоғырланудың тәуекелдері жоғары квазимемлекеттік сектор депозиттері, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары алу тәуекелі бар салымдары ауыстырады. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеген кезде айтып берді.

Ол мерзімді депозиттер мерзімді құралдарға шартты ғана жататындығын атап өтті. Депозиттерді мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі мерзімді депозиттерді «талап ету бойынша» салымдармен теңестіреді. Бұл ұзақ қорлардың тапшылығына әкеледі және экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеу әлеуетін шектейді.

Ол кредит портфелінің өсуіне орташа банктер тарапынан айтарлықтай рөлі болатыны туралы да айтып берді.

«2014-2017 жылдардағы кезеңде орташа банктер экономиканы кредиттеуі  өсуінің жартысын қамтамасыз етті. Жекелеген орташа банктердің несие портфелінің өсуі  900 есеге жеткен, ал ірі банктерде – 2 есе. Бұл ретте орташа банктерде кредиттеудің өсуі мемлекет ақшасымен қамтамасыз етілген болатын. Мәселен, орташа банктердің міндеттемесі құрылымында мемлекет ақшасының үлесі 50%-дан астам құрайды», - деп ақпарат берді Д. Ақышев.

Оның айтуынша, статистика жағынан орташа банктер кредиттердің өсуіне айтарлықтай үлес енгізгеніне  қарамастан,  бұл банктердің экономикадағы рөлі іс жүзінде нөлге тең болып тұр.

«Орташа банктер акционерлермен байланысты тұлғаларға материалдық емес кепілге белсенді түрде кредит бере отырып жеткілікті түрде ырықтандыру кредит саясатын жүргізген. Осындай кредит саясатының салдарынан орташа банктер қиын  қаржылай жағдайға тап болды. Нашар кредиттердің орташа үлесі 70%-ды құрап отыр», - деп қорытындылады Д.Ақышев.

 

 

Данияр Ақышев банктердің несие портфелі сапасының банктер иелерінің өз банктеріне деген қатынасына тәуелділігі туралы айтты

 

Банктерді құрған акционерлер олардың ұзақ мерзімді орнықты дамуын мақсат тұта отырып барабар және жеткілікті капитал қалыптастыруға тырысады. Әдетте,  банктер – олардың жалғыз не негізгі бизнесі. Иелері банктерде дұрыс бизнес-процестерді, тәуекелдерді басқарудың дұрыс жүйесін қалыптастырады, байланысты тұлғаларды кредиттеу шектеулі. Мұндай банктер,  әдетте, кредиттік өсудің жоғары көрсеткіштерін көрсетпейді, алайда осындай кредиттердің сапасы айтарлықтай жоғары.  Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеген кезде айтып берді.

Ұлттық Банк басшысының сөзінше, проблемалық банктер жақсы кредиттер бермейді. Олардың несие портфелінің өсуі капитал базасының күшеюінен болмайды. Тәуекелдерді басқарудың және ондағы корпоративтік басқарудың  стандарттарын жоғары деп айтуға келмейді, ал несие портфелінің сапасы жеткілікті түрде төмен болып қалуда.

«Банктер нашар кредиттердің деңгейі туралы нақты көріністі бұрмалауға саналы түрде барған. Қаржылық есептілікте кредиттердің сапасын жасыру үшін қарыздарды қайта құрылымдау сияқты осындай құралды белсенді түрде пайдаланған. Бұл Ұлттық Банк 2016 жылы нашар кредиттер деңгейіне несие портфелінің 10%-ынан астамы мөлшерінде тікелей шектеу енгізгеніне байланысты болды», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Ол нашар кредиттердің нақты деңгейі 2012 жылы 41,5%-ды, қазір болса – 23,6%-ды құрағанын да атап өтті. Ресми статистикаға сәйкес осы жылдардағы нашар кредиттердің деңгейі 10%-дан аспаған.

«Ұлттық Банктің бағалауы бойынша нашар кредиттердің нақты деңгейін ескере отырып банк жүйесі капиталының жеткіліктілігі деңгейі 2017 жылға дейін теріс болды.  БТА, РБК Банкі және басқа да бірқатар банктің нашар кредиттерін есептен шығарғаннан кейін ғана капиталдың жеткілікті болуы 2017 жылы оң аймаққа қайтып оралды. 2016 жылдың аяғынан бастап нашар қарыздардың нақты деңгейі несие портфелінің 32%-дан 23%-ға дейін төмендеді.  Абсолюттік көрсеткіште 4,9 триллион деңгейінен  3 триллион теңгеге дейін төмендеді», - деді Д. Ақышев.

Ұлттық Банк басшысы өз сөзін қорытындылай келе нашар кредиттер деңгейінің абсолюттік көрсеткіште қысқаруына қарамастан, салыстырмалы көрсеткіште олардың үлесі әлі де жоғары, бұл, бірінші кезекте, банктердің несие портфелінің тарылуына байланысты екендігіне назар аударды.

 

Данияр Ақышев – Экономиканы кредиттеуді қалпына келтіру банктерді нашар кредиттерден нақты тазартпай мүмкін болмайды

 

Мемлекет басшысының экономиканы кредиттеуді  банктерді нашар кредиттерден тазартпай қалпына келтіру бойынша тапсырмасын іске асыру мүмкін емес. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеген кезде айтып берді.

Д. Ақышевтың сөзінше,  Ұлттық Банк Қазақстанның банк секторын қалыпқа келтіру бойынша негізгі үш кезеңді көздейтін бағдарламаны іске асырды.

«Бірінші кезеңде Казкоммерцбанкке БТА Банктің қарызын өтеу арқылы қолдау көрсету болды. Содан кейін – төрт ірі және әлеуметтік маңызды банктерге қайтарымды негізде ұсынылған 410 млрд. теңге сомамен қолдау көрсету. Акционерлер өз тарапынан банктерді үстеме капиталдандыру, нашар кредиттерді есептен шығару, жаңа кредиттер беру бойынша міндеттеме қабылдады», - деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы.

 Д. Ақышев үшінші кезең  РБК Банкке нашар кредиттердің пулын және Ұлттық Банк пен мемлекеттік компаниялар алдындағы міндеттемесінің бөлігін арнайы қаржы компаниясына беру арқылы қолдау көрсетуінде екендігін атап өтті.  Ұлттық Банк қайтарымды негізде реттелген борыш қоса берді. Бірқатар банктің лицензиясы тоқтатыла тұрды немесе қайтарып алынды.

 

Данияр Ақышев - Ұлттық Банк қаржы ұйымдарын

тәуекелге бағдарланған қадағалауға өтуге ниетті

 

Қайтарымсыз қарыздар беру бойынша теріс банктік тәжірибені болашақта қайталамау үшін Ұлттық Банк қадағалау мандатын күшейту бойынша түзетулер әзірледі.  Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеген кезде айтып берді.

Д. Ақышев Ұлттық Банктің қаржы ұйымдарын тәуекелге бағдарланған қадағалауға өтуге ниет білдіріп отырғанын атап өтті. Оның өзекті элементі нақты қаржылық жағдай туралы қадағалап пайымдау болып табылады. Тиісті түзетулерді Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдады.

«Ағымдағы қадағалау процесінің кемшілігі қалыпты тәртіп болып табылады, яғни қадағалау шараларын тек заңнама мен пруденциялық нормативтердің талаптары бұзылған жағдайда ғана қолдану. Іс жүзінде банктер пруденциялық нормативтерді бұзбай-ақ активтерді әкету бойынша операцияларды жүзеге асыра алатын болды», - деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы.

Д. Ақышевтың айтуы бойынша активтер бойынша провизиялардың барабарлығы, байланысты тұлғаларды бағалау, менеджмент пен акционерлердің іскерлік беделі, сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың ішкі жүйесі жататын банк қызметінің өзекті салаларында қадағалап пайымдауды қолдану активтердің әкетілу фактісіне ерте кезеңде жол бермеуге мүмкіндік береді.

«Қадағалап ден қоюды енгізу Ұлттық Банктің қадағалау өкілеттігін кеңейтпейтінін атап өткен жөн. Негізгі өзгерістер банктерді реттеудің қолданыстағы өлшемдерінің ішінде болады. Іс жүзінде Ұлттық Банктің қадағалау құралдары мен оларды қолдану негіздері реттеледі. Бұл ретте банктер Ұлттық Банктің шешіміне бұрынғыдағыдай сот тәртібімен шағымдана алады», - деп сөзін қорытындылады ол.

 

Данияр Ақышев экономиканы кредиттеудің проблемаларын шешуге бағытталған бірқатар шаралар туралы айтып берді

 

Банктердің экономиканы кредиттеуінің ағымдағы проблемаларын шешу үшін бірқатар шаралар қабылдау жоспарлануда, олар жинақ салымдарын енгізу арқылы банктерді қорландыру базасын күшейтуді, банктердің облигациялық бағдарламаласын жаңартуды, сондай-ақ ҚДКҚ-тың шекті мөлшерлемелерін депозиттердің мерзімдеріне қарай белгілеуді пайымдайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қ. ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеген кезде айтты.

Д. Ақышев жинақ салымдарын енгізу жоғарылатылған сыйақы мөлшерлемесін және жоғарылатылған мемлекеттік кепілдікті көздейтінін атап өтті. Мерзімінен бұрын алып қойылған кезде айыппұл ұстап қалу және 30 күннен ерте емес қайтару болжанады.

«Банктердің облигациялық бағдарламасы БЖЗҚ-тың банктер мен қазақстандық корпоративтік эмитенттердің қаржы құралдарына 200 млрд теңгеге дейінгі сомаға инвестицияларын болжайды. Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес қажетті шешімдерді қабылдады. Қорландыру облигацияларды 5 жылға дейінгі мерзіммен сатып алу арқылы нарықтық талаптарда берілетін болады. Шоғырландыру тәуекелін төмендету мақсатында зейнетақы активтері әрбір облигациялардың шығарылымы көлемінің 50%-дан астамы мөлшерінде инвестицияланатын болады», - деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы.

Оның айтуы бойынша, ҚДКҚ-тың шекті мөлшерлемелерін депозиттердің мерзімдеріне қарай саралау мерзімінен бұрын алу бойынша тікелей тыйым салуларды енгізбестен мерзімдік депозиттер нарығын дамытуды ынталандыратын болады. Аталған шара ұзақ мерзімді қорландыруға және кредиттеу әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік беретін болады.

 

Данияр Ақышев – Пікіртерім деректері банк секторындағы оң үрдістерді көрсетеді

 

Жалпы алғанда Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының, «7-20-25» бағдарламасының, Банктер облигациялары бағдарламасының шеңберіндегі жаңа қарыздарды есептегенде кредиттік портфельдің жалпы сомасы 1,8 трлн теңгеге ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қ. ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеген кезде айтты.

Ұлттық Банк басшысы бүгінгі таңда банк секторын қалыпқа келтіру және банктердің экономиканы кредиттеуі үшін макроэкономикалық жағдайлар жасау шеңберінде қабылданған шаралардың белгілі бір нәтижелерінің байқалып отырғанын атап өтті.

«2017 жылдың басынан бастап ірі банктер кредиттік портфельдің 13,3%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге жиынтық өсуін көрсетті. Салыстыру үшін алдыңғы 10 жылда ірі банктер кредиттерінің орташа алғанда 7% болғанын атап өтемін. Осы арқылы жақсы банктер кредиттік портфельді өткен жылдарға қарағанда 2 есе жылдам өсіруде», - деді Д. Ақышев.

Оның айтуы бойынша, сапалық көрсеткіштер, яғни пікіртерім деректері де банк секторындағы оң үрдісті көрсетіп отыр. Ұлттық Банктің зерттеулері 2017 жылдың ортасынан бастап нақты сектор тарапынан кредиттерге сұраныстың өсе бастағанын көрсетті. Кредиттеудің бағалық және бағалық емес талаптары жақсаруда. Бизнестің кеңеюіне байланысты негізгі құрал жабдықтарды сатып алуға және айналым қаражатын қаржыландыруға сұраныс және банктердің бизнесті кредиттеуге дайындығы өсіп келеді.

«Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына Ұлттық Банк жүргізген пікіртерімге сәйкес кредиттердің қолжетімділігі біртіндеп ұлғаюда. 2017 жылғы төртінші тоқсанда банкке кредитке өтініш білдірген мониторингке қатысушы кәсіпорындардың 22,4%-ының ішінен 3%-дан азы кредит алған жоқ», - деді Д. Ақышев.

Ұлттық Банк басшысы тұтынушылар үшін кредит бойынша түпкілікті мөлшерлеме қорландыру құны және банк өзіне алатын тәуекел үшін сыйлықақы, сондай-ақ күтілетін инфляция ретінде қалыптасатынын атап өтті. Қорландыру құны базалық мөлшерлеменің және инфляция деңгейінің төмендеуіне қарай төмендейді. Тек ағымдағы жылы ғана Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені үш рет төмендетті, ол қазіргі кезде 9,25% болды.

«Ақша-кредит талаптарын жеңілдетудің жалғасуы базалық мөлшерлеме деңгейінен кейін кредит бойынша мөлшерлеменің төмендеуіне және кредиттеу көлемдерінің қалпына келуіне әсер етеді», - деп атап өтті ол.

Д. Ақышев сөзінің соңында кредит тәуекелінің деңгейін субсидиялау бағдарламалары арқылы мемлекет ішінара өтейтінін атап өтті. Алайда, компаниялардың айқын емес құрылымы, корпоративтік басқару сапасының төмен болуы, сыртқы нарықтардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы сияқты кредиттік тәуекелді қалыптастыратын проблемалар шешілмей отыр.

 

 Д. Ақышев азаматтардың «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін не істеу керектігі туралы айтып берді

 

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қ. ҚР Парламенті Сенатының отырысында сөз сөйлеген кезде «7-20-25» бағдарламасына қатысқысы келетін азаматтарға бірқатар ұсынымдар берді.

Бірінші, Ұлттық Банк басшысының айтуынша Бағдарламаға қатысушы сатып алғысы келетін тұрғын үйді таңдауға тиіс. Бағдарламада тұрғын үйдің шекті құны белгіленетін болады. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау сияқты қалаларда тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 миллион теңге, басқа өңірлер үшін – 15 миллион теңге болады. Бастапқы кезеңде тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға ғана өтініштер қаралатын болады деп болжануда.

«Екінші, Бағдарламаға қатысқысы келетін азамат өтініш пен қажетті құжаттарды алып банкке келуге тиіс. Біз жақында қажетті қаржылық көрсеткіштері бар, филиалдық желісі дамыған және азаматтарға қызмет көрсетуге жағдайы бар банктерді, сондай-ақ қажетті құжаттардың базалық тізбесін анықтаймыз», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Сонымен қатар ол қатысушының кредитке қызмет көрсету үшін қажетті кірісінің болуы, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы қажет екенін айтты.

«Ұлттық Банк аталған қағидаларды түсіндіру үшін барлық күш-жігерін салады және халықпен белсенді жұмыс жасауға дайын», - деп сөзін қорытындылады Ұлттық Банк басшысы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте