Сыртқы борыштың соңғы 10 жылдағы серпіні туралы

Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 168,9 млрд. АҚШ долларын құрап, соңғы 10 жылда 74,6 млрд. АҚШ долларына ұлғайды.

Сыртқы борыштың өсуі, негізінен, ел аумағындағы шетелдік компаниялар филиалдарының  мұнай-газ жобаларын іске асырумен байланысты фирмааралық берешектің (+76,7 млрд. АҚШ долл.) ұлғаюы есебінен болды. Сонымен бірге экономиканың қаржылық емес секторының (+26,2 млрд. АҚШ долл.) және Үкіметтің (+10,8 млрд. АҚШ долл.) сыртқы борышының еурооблигациялар шығарумен және кредиттер мен қарыздарды тартумен байланысты ұлғаюы байқалды.   

Ұлттық Банктің сыртқы міндеттемелері елдің сыртқы борышы көлемінің орташа алғанда 0,6%-н құрай отырып, іс жүзінде өзгерген жоқ.

Қаржы секторының сыртқы берешегі, негізінен, банк секторының («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ты қоса алғанда) кредиттер және қарыздар бойынша берешегінің 37,4 млрд. АҚШ долларына азаюы есебінен 39,1 млрд. АҚШ долларына қысқарды. Бұл қысқару ең төменгі резервтік талаптар тетігінің, пруденциялық нормативтердің қолданылуының, жеткілікті капиталдандыру қағидаларының арқасында да болды.

 

Кесте – Сыртқы борыш құрылымындағы 10 жылдағы өзгерістер

 

млрд. АҚШ  долл.

 

01.10.2007

01.10.2017

Өзгеріс:

Мемлекеттің сыртқы борышы:

2,4

13,2

+10,8

   Мемлекеттік басқару органдары (ҚР Үкіметі)

1,5

12,3

+10,8

   Орталық банк (ҚР Ұлттық Банкі)

0,9

0,9

0,0

Қаржы секторының сыртқы борышы:

48,2

9,1

-39,1

   Банктер

45,9

6,3

-39,6

   Басқа да қаржы ұйымдары

2,3

2,8

+0,5

Корпоративтік сектордың сыртқы борышы

43,7

146,6

+102,9

   Қаржылық емес ұйымдар, үй шаруашылықтары және ҮШҚКЕҰ

15,1

41,3

+26,2

   Тікелей инвестициялар: фирмааралық берешек

28,6

105,3

+76,7

Сыртқы борыштың ЖИЫНТЫҒЫ

94,3

168,9

+74,6

  ІЖӨ-ге қатысты %-бен

96,4

108,9

+12,5

 

Заңнамаға сәйкес елдің сыртқы борышының статистикасын қалыптастыру және қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысу Ұлттық Банктің құзыретіне жатады.

Фирмааралық берешекті қоса алғанда, экономиканың «Басқа секторларының» сыртқы борышының көлемін жанама шаралармен ғана реттеуге болады, себебі Қазақстанның азаматтық заңнамасында резиденттердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде де шешімдер қабылдау бостандығы көзделген.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте