Өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 98,6% құрады

2016 жылғы қаңтар-сәуірде 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді. Сусындардың, темекі, мұнай өңдеу және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды. Сонымен бірге, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, химия, фармацевтика және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады.

Төмендеу Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тіркелді. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 9 өңірінде байқалды.

2016 жылғы қаңтар-сәуірдегі өнімнің жеке түрлерінің өндірісі

 

Өндірілгені

Өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна

26,2

97,3

мыс кендері, млн.тонна

21,8

194,7

ұн, млн.тонна

1,3

118,8

бензин, млн.тонна

1,0

114,3

газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна

1,4

100,9

портландцемент, млн.тонна

2,0

104,9

жазық илек, млн.тонна

0,9

107,9

тазартылған мыс, млн. тонна

0,1

105,2

электр энергиясы, млрд.кВт.сағ.

32,2

99,0

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте