Қазақстан мен Ұлыбритания министрлері келіссөз барысында қандай мәселелерді талқылады

7401

Қазақстан мен Ұлыбританияның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуінде «Эйр Астана» әуе компаниясының жақында IPO-ға шығуына және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудағы Ұлыбританияның рөлі айрықша атап өтілді.

«Жақында Лондонда қабылданған қазба минералдарға қатысты Жол картасын ескеріп, маңызды шикізат ресурстары, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту және жасыл энергия салаларында озық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырдық. Сонымен қатар, ғаламдық сын-қатерлерді еңсеру, соның ішінде климаттың өзгеруіне қарсы, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын тиімді басқару сияқты бағыттарда бірлесе жұмыс атқаруға келістік. Өз кезегімізде, Лондонмен сауда және инвестициялық байланыстарымызды кеңейтуге мүдделі екенімізді тағы да растадық», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу.

Ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы жаңа саяси және экономикалық реформаларын қолдағаны үшін британия Үкіметіне алғысын білдірді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить