Қазақстанда қанша мұнай қоры бар

7935

Елімізде мұнай қоры қанша көлемде? Оның таусылуы мүмкін бе? Бұл сауалға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров жауап берді.

«Қазір елімізде 4 млрд 400 млн тоннаға тең мұнай қоры бар. Оның ішінде өңдеуге жататын С1 мұнай санатының қоры – 2 млрд 900 млн тонна. Бұл қазіргі жер қойнауын пайдаланушылардың қоры. Одан бөлек, барлау жүргізіліп жатқан мұнай кен орындары мен учаскелер бар. Оның көлемі әлі есептелмеген, яғни мұнай таусылып қалады деген әңгіме жоқ. Отандық мұнайдың болжамды қоры 78 млрд тоннаны құрайды», - деді Ерлан Ақбаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Геология комитеті төрағасының мәлімдеуінше, 2022 жылы отандық мұнай саласында «Еуразия» жобасы іске қосылды.

«Жоба аясында Каспий жанындағы шөгінді бассейіннің төменгі қабаты зерттеліп жатыр. Оған мемлекет ақша бөліп, ауқымды жұмыс атқарылуда. Каспий теңізінің қабатында шөгінді жыныстар 25 шақырымға дейін жетеді. Ғылыми тұрғыдан жасалған болжау жұмыстары қордың шамамен 1 трлн тоннаға дейін жететінін көрсетті», - дейді ол.

Бұған дейін елімізде заманауи геологиялық қор қоймасы салынатыны туралы хабарлаған едік.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube