Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады

7718

Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.

«Елбаңбаны ауыстыруға қатысты мәселе белгілі бір кезеңнен бері талқыланып келе жатқанын жақсы білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда аталған мәселені талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы егер қоғам бұл мәселеге жаппай қолдау білдірсе, онда оны одан ары талқылау қажеттігін айтты. Ол үшін арнаулы комиссия құрылады. Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды», — деді министр.

Осы орайда Мәди Такиев елбаңбаны ауыстыруға қанша қаржы жұмсалатындығын, қандай қаржы көздерінен қаржыландырылатындығын айтпады.

«Алдымен бірінші мәселені шешіп алайық, одан кейін екіншісін қарастырамыз», — деді ол.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить