InDrive компаниясы General Catalyst-тен $150 миллион жинады
InDrive, көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы, General Catalyst венчурлық қорымен қаржыландыру келісімін қосымша 150 миллион долларға арттырғанын хабарлады.
2023 жылы компания түсімі 54% өсіп inDrive үшін табысты болған соң, компания қосымша 150 миллион доллар қаржыландыруды тартты. Осылайша, General Catalyst қорынан алынған қаражаттың жалпы сомасы $300 млн құрайды (алдыңғы раунд 2023 жылы өтті).
Айта кетейік, 2023 жылы компанияның негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды. Бүгінгі таңда 46 елде жұмыс істейтін inDrive-тың мыңға жуық қызметкерлері бар ең ірі кеңсесі Алматыда орналасқан.
Қосымша ресурстарды тарту компанияға бизнес шешімдер қабылдауда икемділік береді және бизнес көрсеткіштерінің өсуін ынталандырады. inDrive өнімді жақсартуға, қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерін іске қосуға, ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтуге және жаңа нарықтарға шығуға инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл қаржыландыру сонымен қатар инвесторлардың компанияның тұрақты өсуіне сенімін және әлеуметтік әділетсіздікке қарсы тұру миссиясына және 2030 жылға қарай 1 миллиардтан астам адамның өміріне оң әсер ету мақсатына адалдығын көрсетеді.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»