Павлодардың шалғай ауылында қызғалдақ өсіретін жылыжай ашылды

12672

Кәсіпкер 300 шаршы метр аумақта қызғалдақ гүлдерін өсіріп, алғашқы өнімін алып үлгерді. Бұл – облыстың ауылдық жерінде тұңғыш ашылған жылыжай. Бұл туралы Ақтоғай ауданы әкімдігінен хабарлады.

«Қараоба ауылындағы «Кереку Флаурс» ЖШС жылыжай шаруашылығын құрып, гүл өсіруді қолға алды. 300 шаршы метрді құрайтын жылыжайда алғашқы өнім өсіп шықты. Бұл – ауданымыз бойынша мұндай бағыттағы алғашқы жоба», - деп хабарлады әкімдіктен.

Жобаны жүзеге асыру арқылы 10 тұрақты, 10 маусымдық жаңа жұмыс орындары құрылған. Қазір онда өсіп шыққан қызғалдақ гүлдері жиналып, Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай нарыққа шығарыла бастады.

Жергілікті қызғалдаққа еліміздің өзге облыстарынан да тапсырыс түсуде.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить