Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдеріне экспорты 9,5% өсті

3056

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 28 517,8 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 2,8% азайды.

2023 жылғы қаңтар-желтоқанда тауарлар экспорты 11 054,1 млн АҚШ доллары (9,5% көп), импорт – 17 463,7 млн АҚШ доллары (9,3% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Арменияға 0,2%, Беларусқа – 3,2%, Қырғызстанға – 5,5%, Ресейге 91,1% тиесілі.

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдеріне – 26,4%, одан кейін машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі –25,5%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында металдар және олардан жасалған бұйымдар –19,4%, одан кейін машиналар, жабдық, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар бар – 19,3%.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube