Қазкоммерцбанктегі жымқыру: 44,5 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді

 ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті мен қала прокуратурасы ақша ұрлау фактісі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, бірқатар мүлікті тәркіледі.

Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңге болатын 300 гектарға жуық жер учаскесі мен автокөліктеріне арест қойылды.

Келген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеу жарияланған тұлғалардың қылмыстық жолмен өндірілген мүлкін сотқа дейінгі тәркілеу көзделген.

Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналды.

Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр.


 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте