Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

1953

БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Орталық Азия өңірінде су ресурстарын пайдалану, қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты ЕҚЫҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясының қорытындылары аталып өтті.

ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді шешу бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить