ТЖ министрлігінде ақпараттық жұмыс, стратегиялық жоспарлау және әскери тәртіп мәселелері талқыланды

Алқа отырысы аясында ТЖ министрлігінде Төтенше жағдайлар министрлігі аппарат басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Сыздықовтың төрағалығымен тағы бір жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында ақпараттық жұмыс, стратегиялық жоспарлау, әскери тәртіп және республикалық бюджетті игеру мәселелері талқыланды.

«Хабар 24» телеарнасы жаңалықтар қызметінің продюсері Гүлфариза Рамазанованың қатысуымен ақпараттық жұмыс мәселелері талқыланды. Өз сөзінде ол құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысын жариялаудың, ТЖ фактілеріне түсініктеме берудің, фото және видео түсірудің негізгі қағидаттарына тоқталды.

Азаматтық қорғау органдарында тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері туралы ТЖМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Ерік Мұхаметғалиев баяндады. Ол жеке құрам арасында жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстары туралы айтып берді.

Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс департаментінің директоры Қайыркүл Джазыбаева алдағы жылдарға арналған стратегиялық жоспарлар туралы баяндады.

Республикалық бюджеттің игерілуі туралы Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Ботагөз Әбділманова сөз сөйледі.

Сонымен қатар, отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша ТЖМ-нің бірқатар аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарының бастықтары және басшылары тыңдалды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Бауыржан Сыздықов ақпараттық жұмыс, стратегиялық жоспарлау, әскери тәртіп және республикалық бюджетті уақтылы игеру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте