ШҚО-ның жылу электр орталықтарының дайындығы 32%-ды құрайды – Алмасадам Сәтқалиев

2023 жылғы 14 шілдеде ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиында сөйлеген сөзінде министр облыстың ішкі электр энергиясын тұтыну көлемі 3,9 млрд кВтсағ кезінде өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 3,4 млрд кВтсағ құрағанын хабарлады.

Өңірдің электр желілерінің жалпы ұзындығы 21 мың км-дан асады.

Белгіленген тарифтер халық үшін – 13,948 тг/кВтсағ, заңды тұлғалар үшін – 23,554 тг/кВтсағ, бюджеттік ұйымдар үшін – 42,158 тг/кВтсағ.

Алмасадам Сәтқалиев баяндамасында бүгінгі таңда өңірдің ЖЭО дайындығы 32%-ды құрайтынын атап өтті.

ГЭС-те жөндеу жұмыстары 64%-ға орындалды. 165 км электр желілерін немесе жоспардың 30% күрделі жөндеу аяқталды.

Жылу желілерін техникалық тексеру Өскемен, Риддер және Шемонаиха қалалары бойынша аяқталды.

Энергетикалық ведомство басшысы Риддер ЖЭО-да жөндеу науқанының барысы туралы жеке тоқталды.

Қаржы министрлігімен және облыстық әкімдікпен бірлесіп Үкімет резервінен қаражат бөлу тетігі пысықталды. Жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттарға мемлекеттік сараптамалар алынды. Жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 8,3 млрд. теңгені құрайды.

Бұл ретте, Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстарына 8 мердігер ұйым тартылды.

Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін кесте бойынша аяқтау жоспарлануда.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте