Анна Данилина Уимблдонда жеңіліп қалды

2662

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үлкен дулыға» жарысының 11-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге бастапқы кездесуін ұлыбританиялық Нэйкта Бэйнс – Майя Люмсденмен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екіншісінде ұлыбританиялық дуэт тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:3).

Үшінші, шешуші сетте матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Мұнда қазақстандық-қытайлық жұп әуелі 4:1 есебімен алға кеткенімен, соны пайдалана алмады – 6:7 (9:11).

Екі сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Анна мен Сюй 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

Қарсыластары 3 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ұлыбританиялықтар 1/8 финалға шығу үшін Польша өкілі Магда Линетт – америкалық Бернарда Пера немесе тағы бір америкалық Шелби Роджерс – бельгиялық Янина Викмайер жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакинаның екінші қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ үш қазақстандық жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына өтті.

Уимблдонда Александр Бублик үшінші айналымға жолдама алды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить