Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты

 Қазақстандық, әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 259-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен шеберлік таластырды.

Бірінші партияда брейк жасаған М.Кукушкин басымдық алды – 6:4.

Екіншісінде канадалық спортшы қарымта қайырды – 6:4.

Үшінші, шешуші сетте А.Галарно 4:2 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін қазақстандық теннисші қатарынан төрт геймді өз есебіне жазды – 6:4.

Үш сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 3 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Михаил Кукушкин финалда әлемнің 187-інші, жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборанмен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің жетінші рет Ролан Гаррос турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Қазақстанның кішкентай теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Заңғар Нұрланұлы Армениядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды.

Ига Швентек - үшінші рет Ролан Гаррос турнирінің чемпионы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте