ITeachMe қоры мүгедектігі бар жастарға арналған білім беру бағдарламаларын іске асырады

1830

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Компетенцияларды дамыту орталығы ITeachMe қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева мүгедектігі бар жастарды қолдау бағдарламалары туралы айтып берді, деп хабарлайды ortcom.kz.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедек адам тұрады, оның ішінде 420 мың адам - еңбекке қабілетті жаста (58%). ITeachMe қоры жастардың, соның ішінде мүгедек жастардың кәсіби дағдылары мен білімін арттырып, кейіннен жұмысқа орналастыру бойынша бағдарламаларды іске асырады.

«Әлеуметтік инвесторлармен, бас серіктес Шеврон Қор компаниясымен серіктестікте 2019 жылдан бастап мүгедектігі бар жастар мен әлеуетті жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру бағдарламалары іске асырылуда. Оқытудың басты ерекшелігі - оқу процесінің өзінде-ақ тыңдаушылардың өздерінің digital дағдыларын ақшаға айналдыруы болды. Бұл білімді жоғары деңгейде меңгерудің және таңдалған бағыттардың сұранысқа ие екенін білдіреді», - деді спикер.

Әзірленген білім беру бағдарламасынан басқа, ITeachMe-дің жастарға әрқайсысының мүмкіндіктері тең болатын инклюзивті топтарда оқуға мүмкіндік беретін өзіндік әдіснамасы бар.

ҚҚ басшысының айтуынша, төрт жыл ішінде қорда 500-ден астам студент білім алған, олардың 80%-ы мүгедектігі бар жандар. Бүгінгі таңда студенттердің 7 бағыт бойынша білім алу мүмкіндігі бар: веб-мастер, UI/UX және motion дизайн, копирайтинг, мобилография, СММ+капирайтинг, БҚ тестілеу және графикалық дизайн. Барлық оқу материалы қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған студенттер үшін ым-ишара тілінде қолжетімді.

«ITeachMe-де оқудан өту қорытындысы бойынша біздің түлектеріміздің 90%-ға жуығы жұмысқа орналастырылған немесе фрилансерлікпен айналысады. Бір түлектің орташа жалақысы 90 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін», - деді спикер.

Оның пікірінше, мүгедек адамдарды жұмыспен қамту түрлі санаттағы адамдар бірлесіп қарым-қатынас жасай алатын түрлі және инклюзивті қоғамды құруға ықпал етеді. Мұның бәрі мәдени және әлеуметтік алуандықтың артуына және мүгедек адамдардың стигматизациясының төмендеуіне әкеледі.

ITeachMe қоры өтінімдер қабылданатыны туралы хабарлайды, мамыр айында басталатын бағдарламаларға қатысуға шақырады, деп қорытындылады қор директоры.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить