Ақмола облысында бір топ тұлға ұрланған көлік құралдарын тіркеу және сатумен айналысқан

1918

Ақмола облысында бір топ тұлға ұрланған көлік құралдарын тіркеу және сатумен айналысқан, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА облыстық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстанға заңсыз жолмен көлік құралдарын әкелген азаматтардың әрекетін әшкереледі.

Аталған тұлғалар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып,  кейіннен оларға жалған құжаттар жасалып, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған.

Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енген жоқ).

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить