БҰҰ су конференциясы аясында қазақстандық делегация өкілдері Қытай шаруашылығы министрі Ли Гоинмен кездесу өткізді

2161

БҰҰ су конференциясы аясында қазақстандық делегация өкілдері Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрі Ли Гоинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР ЭТРМ Баспасөз орталығы.

Кездесу барысында трансшекаралық өзендер саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, еліміздің делегациясы пленарлық отырыстарға және «Орталық Азия: су күн тәртібіне енгізуге арналған міндеттемелер» жоғары деңгейдегі іс-шараларға, «Теңізге шыға алмайтын дамушы елдерде ТДМ 6-ға қол жеткізуді жеделдету», «Су күн тәртібі шеңберіндегі Адам құқықтары», «Су ресурстары экономикасы: қайта құру», әділ және гүлденген болашақты қамтамасыз ету үшін басқару» панельдік сессияларына тұрақты қатысты.

БҰҰ - да атап өткендей, әлемнің 153 елі трансшекаралық су ресурстарын пайдаланады-мысалы, бірнеше ел арқылы өтетін өзендер. Үш миллиардқа жуық адам бірнеше мемлекеттерде орналасқан өзен бассейндерінде тұрады. сондықтан трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану-бүкіл адамзат үшін өзекті мәселе.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить