Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесті.

Осыған дейін бразилиялық теннисші екінші айналымда қазақстандық Юлия Путинцеваны ұтып кеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина брейк жасап, сол басымдылықты сақтай білді – 6:3. Әйтсе де екіншісінде дәл сондай есеппен есе жіберді – 3:6.

Шешуші, үшінші сетте бразилиялық спортшы брейкпен алға кетті – 2:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:2.

Екі сағат 5 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Е.Рыбакина 19 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Сөйтіп Хаддад Майя осы додада екі бірдей қазақстандық теннисшінің жолын кесті.

Бразилиялық теннисші финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі.

Елена Рыбакина Доха турниріне қатыспайтын болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте