Евгений Кочетов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды
Үкімет қаулысымен Евгений Дмитриевич Кочетов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.
Евгений Кочетов Қазақ гуманитарлық заң университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген. Экономика магистрі.
2009-2013 аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы қызметтерін атқарған.
2013-2014 жылдары «Цесна» Корпорациясы» АҚ Девелопмент бөлімшесін басқарған.
2014-2016 жылдары «Kazakhstan Real Estate Group» ЖШС басқарма директоры болған.
2016-2017 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Орталық коммуникациялық қызметі» РММ директоры қызметін атқарған.
2017-2018 жылдары «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы болды.
2018 жылы «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Вам может быть интересно: «Қазақстандағы БҰҰДБ-ң жаңа тұрақты өкілі тағайындалды»