Еліміздің 7 қаласында іске қосылған «Қолжетімді спорт» бағдарламасы 20 мыңнан аса адамды қамтиды

«Дені саудың жаны сау» демекші, балалардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына да айрықша көңіл бөлінеді. Мектеп жасындағы жалпы оқушылардың 61,4% дене шынықтырумен, спортпен қамтылған. Республикамызда балалар мен жасөспірімдердің 652 клубы және 138 дене шынықтыру клубы бар, ондағы балалар мен жасөспірімдердің саны – 200 мыңнан асады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов осындай көрсеткіштерді атап өтті.

Былтырдан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар тетігі бойынша, бүгінде 4 жастан 17 жасқа дейінгі 458 мыңнан астам бала мен жасөспірімдер 14 652 спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге тегін барады.

«Аталған тетікті жетілдіру мақсатында министрлік шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Еліміздің 7 қаласында «Қолжетімді спорт» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Аталған бағдарлама 20 мыңнан аса адамды қамтиды. 10 спорт түрі бойынша ұлттық мектеп лигасы ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама мектеп жасындағы шамамен 3 млн баланы қамтыды», - деді Дәуешов.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте