Қазақстан мен Қырғыз Республикасының Омбудсмендері өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Меморандумда екі ел азаматтарының құқықтарын сақтау және қорғау бойынша бірқатар мәселелер қарастырылған. Атап айтқанда, тараптар азаматтарды бірлесіп қабылдауға, адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын анықтау бойынша мониторингтерді, сондай-ақ адамдарды құқықтық ағарту бойынша түрлі ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізуге уағдаласты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Ыстамбұлға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Қырғыз Республикасының омбудсмені арасында өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Қырғыз Республикасының ұлттық құқық қорғаушысы Атыр Әбдірахматова екі ел арасындағы ынтымақтастық тек экономикалық және мәдени-әлеуметтік салаларда ғана емес, адам құқықтары бағытында да жалғасатынын атап өтті.

Меморандумда екі ел азаматтарының құқықтарын сақтау және қорғау бойынша бірқатар мәселелер қарастырылған. Атап айтқанда, тараптар азаматтарды бірлесіп қабылдауға, адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын анықтау бойынша мониторингтерді, сондай-ақ адамдарды құқықтық ағарту бойынша түрлі ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізуге уағдаласты.

Әріптестер Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы азаматтары арасындағы достықты, сенім мен өзара түсіністікті нығайту ісіне өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1991 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить