Кедендік формальдылықты оңайлатуда өткізу пункттерінің физикалық инфрақұрылымының жай-күйі маңызды болып табылады

2239

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика кешенін дамыту мәселесі өзекті екені атап өтілді. Бұл мәселедегі маңызды рөлдердің бірі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына берілген. Бағдарлама еліміздің көлік-транзит секторын дамытудың маңыздылығы аталған. Орталық Азия елдері арасындағы белсенді сауда-экономикалық қатынастар Қазақстанның транзиттік және экспорттық-импорттық жағдайын дамытуға ықпал етеді. Бұл туралы https://ortcom.kz/kk/novosti/1669186134 алаңында өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан көрші елдермен сауда қатынастары әлеуетін дамытуды көздейді.

«Кедендік формальдылықты оңайлатуда өткізу пункттерінің физикалық инфрақұрылымының жай-күйі маңызды болып табылады. Елде заңдар мен ақпараттық жүйелер үздік бола тұра, шекара маңындағы инфрақұрылым әлсіз болса, жалпы сыртқы сауданы дамыту үшін көздегендей нәтиже болмайды. Қойылған міндеттерді толыққанды іске асыру үшін автожолдар мен өткізу пункттерін қайта жаңартудың инфрақұрылымдық мәселелерін шешу қажет. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын бекітті, онда 2024 жылы өткізу пункттерін жаңғыртуды және техникалық жете жарақтандыруды аяқтау көзделген», - деді спикер.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить