Былтыр 5,5 мыңнан астам бизнес жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілді

1759

Ақтөбе облысы өнеркәсіптік және инвестициялық тартымдылығы жоғары өңір болып табылады. Облыс соңғы жылдары айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Орталық коммуникациялар қызметінде өңір әкімі Оңдасын Оразалин атап өткендей, жалпы, жер қойнауының әлеуетін пайдалану арқылы жылдан жылға өнеркәсіп өнімі, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі ұлғаюда, экономиканы әртараптандыру бағыты жүргізілуде.

«Шағын және орта бизнеске тоқталсақ, өткен жылы 5,5 мыңнан астам бизнес жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Былтыр «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын іске асыруға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 2020 жылғы қаржыландыру көлемінен 3 есеге артық. Бұл бағыт бойынша облыс өңірлер арасында 1-орында. Бұл жақсы нәтиже беріп тұр. Өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2020 жылмен салыстырғанда 6,8% өсті, өнімдерді шығару көлемі 21,7% ұлғайды», - деді әкім.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube