Алматы облысының су каналына 2 бала батып кетті

2875

 Алматы облысының суару каналына екі бала батып кетті.

«3 мамыр күні сағат 19.05-те Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 6 және 8 жастағы екі бала батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін, ені 6 метр және тереңдігі 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары 2014 жылғы қыздың және 2015 жылғы баланың денелерін алып шықты»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, балалар үйлерінен 300 метр қашықтықта ойнап жүрген. Олар ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кеткен. «Ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Арна, өзен мен су қоймалардың жанында тұратын ата-аналар бұл жайтқа мұқият назар аударулары керек»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить