Шымкентте кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары басталды

2007

Шымкентте кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті.

«Шымкент қаласында 2021 жылы Конго-Қырым қанды безгегі сырқатының 2 жағдайы тіркелді. 2022 жылдың 3 айында ауру жағдайлары тіркелмеді. Дегенмен, бүгінгі таңда қала бойынша кене шағып, медициналық көмекке 22 адам жүгінген. Кене шағу жағдайлары былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 3 есе артқан (2021 жылы – 7 жағдай).

Мәлім етілгендей, Шымкент қаласы Конго-Қырым қанды безгегі сырқатының қолайсыз аймақтар қатарына жатады.

Аурудың алдын алу үшін қалада жыл сайын елді мекендердің айналасындағы санитарлық қорғау аймақтарын кенеге қарсы өңдеу, сондай-ақ жануарларды, мал қораларын және буферлік аймақтарды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Қалада дезинфекция орталығы мен ветеринарлық қызмет тарапынан көктемгі дезинфекциялау іс-шаралары басталды.

Өңдеу жұмыстары 30 мамырға дейін жалғасады.

«Сондықтан қала тұрғындарынан үйге іргелес аумақтарға, мал қораларына механикалық тазарту жүргізуді сұраймыз. Өңдеу жүргізілген жерден қи шығару, яғни кенелердің көбеюін және адамдар арасында аталған сырқаттың алдын алу мақсатында дезинфекция жұмысын сапалы жүргізу үшін жағдай жасау қажет», - делінген комитеті хабарламасында.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить