Шымкент қаласының бас полицейі ауысты

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып Қайрат Дәлбеков тағайындалды, деп хабарлады Polisia.kz.

"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Қайрат Дәлбеков тағайындалды", - делінген ақпаратта.

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады.

2018 жылдан бастап Түркістан облысының полиция департаментін басқарған.

Айта кетері, бұған дейін Шымкент қаласы полиция департаменті бастығы қызметін 2018 жылдың шілдесінен бастап Ералы Жұмаханбетов атқарды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте