2022 жылы грант саны тағы бес мыңға артады

2327

2022 жылы оқу орындарындағы білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады. Осылайша гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мыңға, яғни 51 мыңнан 56 мың грантқа дейін көбейтілген.

"Президент қолдауының арқасында бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алған қазақстандық мектеп түлектерінің саны артты. Мысалы, өткен жылы бізге 75 мыңнан астам өтінім түсті. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грантқа ие болды. Биыл грант саны 61 мыңға жетеді", - деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Сонымен қатар білім гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар қарастырылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить