Алматы облысы Талғар ауданының экс-әкіміне үкім шықты

1189

Алматы облысы Талғар ауданының бұрынғы әкімі С. Ерекешев пен бөлім басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 млн теңге айыппұл салынды.

Осы үкіммен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаев 29,7 млн теңге айыппұлға сотталды», - делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, аталған лауазымды тұлғалар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС-ны мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы сотқа талап-арыз жібермеу үшін 2 млн теңге сомасында пара алған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить