Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді

Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы 14 қарашада "жасыл" аймаққа өтті. Алайда елдің бас санитар дәрігерінің №42 қаулысына сәйкес, өңір "жасыл" аймаққа өткеннен кейін ең кемі 7 күн "сары" аймақ талаптары бойынша жұмыс істеуі қажет.

22 қарашадағы жағдай бойынша Алматы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр. Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада 22 қарашадан бастап "жасыл" аймақ талаптары енгізілетінін мәлімдеді.

"Алматыда өткен тәулікте 129 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Бір апта ішінде 936 жағдай тіркелді. Қалада белсенді түрде вакциналау жұмысының арқасында осындай көрсеткішке жеттік. Әрі қарай қаладағы эпидемиологиялық ахуал жақсарса, қала "жасыл" аймақ талаптарына көшеді", - деп мәлімдеді Бекшин.
Соңғы тәулікте қалада Алматыда 127 адамнан коронавирус анықталды.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, "жасыл" аймақ талаптарына сәйкес Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіпорын немесе ұйымдар түнгі сағат үшке дейін жұмыс істей алады.

Ashyq жүйесіндегі көшбасшылар таңғы 5-ке дейін жұмыс істейді. Егер жекелей алғанда қоғамдық тамақтану орындарында қонақтар саны артады. Егер "сары" аймақта 60%-ке дейін рұқсат берілсе, "жасыл" аймақта орындар 70%-ке дейін артады. Ал фудкордтарда "сары" аймақта 20% рұқсат берілсе, "жасыл" аймақта 30%-ке артады.

Банкет залдарында "сары" аймақта 30% болса, "жасыл" аймақта 50%-ке дейін артады. Ал орын саны 60-тан 70-ке ұлғаяды,  деп хабарлайды Sputnik.

"Театр мен кинотеатрларда "сары" аймақта 40% рұқсат етілсе, "жасыл" аймақта 50%-ке арттыру жоспарланған. Караокеде орын саны 50-ден 60-қа артады", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар адамдар көп жиналатын конференция, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шараларда қонақтар саны 100 адамнан аспауы қажет. Бұл "сары" аймаққа қарағанда 30 орынға артық.

Көрмелерге бір уақытта келетін адам саны 300-ден 500 адамға дейін ұлғайтылды. Ашық ауада марафондарға қатысушылар саны 800-ден 1000 адамға дейін артты.

Көрермендермен спорттық іс-шаралар-толымдылығы 80%-тен аспай өткізуге болады.

Діни объектілерге кіргізі 30%-тен 50%-ке дейін ұлғайтылды.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20211122/18719290/Almaty-karantin-talaptary.html

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1898 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Элисар Нурмагамбетов: Как казахстанец борется с отмыванием денег в США Смотреть на Youtube