Ақмола облысында «Ұлы дала жастары» форумы өтті

1097

 Ақмола облысының Жақсы ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында «Ұлы дала жастары» 5-ші жастар форумы өтті, деп хабарлайды облыстық саясат басқармасы.

Шараға облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева, жастар ұйымдарының көшбасшылары, Тәуелсіздіктің құрдастары, спортшылар, еріктілер мен талантты жастар қатысты.

Қатысушыларды құттықтаған аудан әкімі Алмагүл Қадыралина форумды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл күні біз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақсаттарына қол жеткізудегі стратегиялық таланты, даналығы мен табандылығының арқасында мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихы басталғанын, ал әлемдік саясатта «Қазақстандық даму жолы» деген жаңа ұғым пайда болғанын ерекше мақтанышпен түсінеміз. Елбасының өз халқы алдындағы жеке жауапкершілік факторы еліміздің басты жетістіктері - бірлік, тұрақтылық, орнықты дамуды айқындады», - деп атап өтті аудан әкімі.

Сонымен бірге, форумда Тәуелсіздіктің құрдастары, жас спортшылар, педагогтар, жастар бірлестіктерінің белсенділері сөз алып, өз жетістіктерінің тарихы туралы айтып, болашаққа арналған жоспарлары мен идеяларымен бөлісті.

«Менің барлық жетістіктерім – Тәуелсіз еліміздің арқасында. Осы жылдар ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік және көптеген шыңдарды бағындырдық. Мен Қазақстанда туып, өмір сүргенімді мақтан тұтамын. Өз жетістіктеріммен Отанымызды одан әрі дәріптеуге тырысамын», - деп бөлісті панкратионнан әлем чемпионы, Жаңақима ауылының тұрғыны Көшен Ақанов.

Форум барысында жастардың бірқатар белсенді өкілдері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ аудан жастарына арналған қарар қабылданды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить