Мәжіліс депутаттары Ресейдегі Парламент сайлауына байқаушы ретінде қатысады

787

Мәжіліс депутаттары 17-19 қыркүйек аралығында өтетін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының VIII шақырылымы депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде қатысады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Делегацияны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы желісі бойынша халықаралық бақылаушылар тобының үйлестірушісі Арман Қожахметов басқарады. Қазақстандық делегацияның құрамында ТМД ПАА тарапынан Берік Бекжанов, Мемлекеттік Думаның шақыртуы бойынша Мәди Ахметов және Вера Ким тәуелсіз байқаушы ретінде қатысады.

Мәжіліс депутаттарының Мәскеу мен Мәскеу облысындағы сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру барысын бақылауы жоспарланған. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Мемлекеттік Думадағы және Орталық сайлау комиссиясындағы саяси партия фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізуді көздеп отыр.

Қазақстандық Парламент өкілдері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының қорытынды кеңесіне және Қорытынды құжаттарды дайындау үшін ТМД байқаушылар миссияларын үйлестірушілер кеңесіне қатысуы жоспарланған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить