Семейде бір шеті опырылып түскен көпір жөнделіп жатыр

Семей қаласында бір шеті опырылып түскен көпірде жөнделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпірдің жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде плита орнынан қозғалып кеткен. Осыған орай көпірдің жағдайын алматылық «ТЕКА Проект» фирмасының мамандары тексерді. Мамандардың қорытындысы бойынша, автокөлік қозғалысына әсер ететін айтарлықтай кедергі жоқ.

«Қазір плитасы опырылып түскен жерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін металл төсеніш төселеді. «ТЕКА Проект» ЖШС-ның жетекші инженерлері көпірдің екі жағындағы жаяу жүргіншілер жолына толықтай зерттеу жүргізді. Жолдың оң жағында тағы бір проблемалық учаске анықталды. Ондағы плита орнынан сәл қисайған. Сол жер де жөндеуден өтеді», - деді қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов.

Оның айтуынша, алдағы демалыс күндерінде көпірде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы жанданданады деп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде ескі көпірдің бір шеті опырылып кеткені хабарланған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте