Алматы облысында эпидахуал нашарлады

1852

Алматы облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлай түсуде, өңір «қызыл» аймақта. Бұл туралы облыстың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологиялық матрица бағалауы бойынша, Ескелді мен Талғар ауданы, Текелі мен Талдықорған қаласы «қызыл» аймақта, Іле, Қаратал аудандары «сары» аймақта, қалған қалалар мен аудандар «жасыл» аймақта.

2020 жылдың наурыз айынан бері КВИ-дің 29 872 лабораториялық расталған жағдайы тіркелді. Олардың 19 167-сі - симптоммен. Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,4%-дан 0,6%-ға артты.

Негізінен, КВИ және «Дельта» вакциналанбаған тұрғындар арасында тіркелген, бұл вакцинацияның тиімділігі жоғары екенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 513 109 адам егілді, екінші компонент 291 549 адамға салынды. Вакциналанғандар саны бойынша педагогтар (37 594) және медицина қызметкерлері (23 167) көш бастап тұр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube