Әуежай қызметтерін қадағалаудан бас тарту, билеттердің қымбаттауына әкеліп соғады

Өткен аптада ҚР ҰЭМ-ның табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті қазақстандық әуежай қызметтерінің бағасын қадағалаудан бас тартуды ұсынғаннан кейін, отандық «Эйр Астана» мен QAZAQ AIR әуекомпаниялары БАҚ өкілдерінің бірқатар сұрақтарына жауап беруді жөн санады.

Мәжілісте бәсекелестік туралы заң жобасымен таныстыру барысында, аталмыш мекеменің басшысы Серік Жұмағариннің мәлімдеуінше, жақын арада Үкімет отандық әуежай қызметтерінің бағасын қадағалаудан бас тартуды қарастырады. Ұсынылып отырған өзгерістер, телескоптық басқыш қызметтері, жолаушыларға қызмет көрсету, ұшып-қону, барлығы 13 қызмет түріне қатысты болмақ. Заң қабылданған жағдайда, монополия жүйесінде жұмыс істеп жүрген әуежайлармен тарифтердің құнын қалай белгілейтініміз түсініксіз.

Әуекомпания өкілдері Серік Жұмағариннің сөздерімен келіспей, әуежай қызметтерін қадағалаудан бас тарту, әуе кеңістігінің қызметтері, сонымен қатар билеттер құнының қымбаттауына әкеліп соғатынын айтып отыр. Көп уақыттан бері әуежайлардың 100 астам тариф түрлері, ТМРБҚК бағынбай келе жатыр. Осының кесірінен, жанармай шығындарынан кейін, әуежай салымдары екінші шығыс көзі екенін мәлімдейміз. Дүниежүзілік тәжірибеге сүйенсек, көптеген елдердің әуежай салымдары мемлекетпен бақыланып, жыл сайын халық алдында есеп беріледі. Бірақ біздің елімізде монополия сұрақтарын бақылап, қадағалау үшін құрылған ТМРБҚК ұстанымы түсініспеушілік тудырып отыр.

Тиімсіз жұмыс істеп жүрген аймақтық әуежайларға келетін болсақ, тарифтердің қымбаттауы операциялық шығындарды өтемей, керісінше бұл аймақтарға бағытталған рейстердің жабылуына әкеліп соғады. Серік Жұмағарин, Алматы, Астана мен Тараз қалаларының әуежайларын аса тиімді мекемелердің қатарына қосып, олардың 2014 жылғы таза пайдасы 7,3 млрд. теңге, 616 млн. теңге и 210,1 млн теңге екенін атап, қадағалаудан бас тарту аймақтық әуежайлардың кіріс көзін өсіруге зор мүмкіндік беретініне кәміл сенеді. Алайда, ыңғайсыз географиялық орналасу, нарық мүмкіндіктерінің шектеулігі мен халықаралық рейстердің жоқтығы, аймақтық әуежайларды мүшкіл жағдайға соқтыруы әбден мүмкін.

Халықаралық рейстердің көбісі Алматы, Астана, Атырау, Ақтау мен Қарағанды қалаларының кірісі мол әуежайларында орындалатыны мәлім. Сол себепті, ұсынылып отырған өзгерістер, ірі Алматы мен Астана қалаларының әуежайларына ғана пайдасын әкеліп, аймақтық әуежайлайға кері әсерін тигізуі ықтимал.

Ұлттық әуекомпания өкілдерінің пікірінше, әуежай тарифтерінің қымбаттату арқылы қазақстандық әуежайлардың ахуалын жақсарту дұрыс емес саясат. Қазақстан әуежайлары мен аэронавигация қызметтері ұлттық активтері ретінде, мемлекет тарапынан қаржыландыруы тиісті. Ал әуежай инфраструктурасын әуекомпаниялары есебінен жақсарту, әуежайлардан басқа ешкімге пайдасын тигізбейді. Қазіргі таңда, көптеген отандық әуекомпаниялар пайдасын көрмей отыр. Оның бірден-бір себебі шетел валютасына тәуелділіктің әсерінен болып отыр: ұшақты күту, қосалқы бөлшектерді алу, техникалық тексерістен өту мен басқа шығындар. ТМРБҚК әуежай қызметтерін қадағалаудан бас тартқан жағдайда, қосымша шығындар әуекомпаниялардың мойнына артылып, соңынан жолаушылардан алынатыны түсінікті.

ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымының әуежай салымдары мен аэронавигация салымдары қағидаларына сай, үкімет экономикалық бақылаумен қатар, әуежайдың қызмет атқаруы мен тиімді басқару жүйесін бақылауы тиісті екенін мәлімдейміз.

 

«QAZAQ AIR» АҚ баспасөз қызметі

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте