Жаннат Алшанова: Канн мен Берлинале жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

8864

Әлемге әйгілі кинофестивальдерге қатысқан қазақ қызы туралы не білеміз

Жаннат Алшанова - Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының түлегі, іскерлік әкімшіліктендіру және бухгалтерлік есеп мамандығын меңгерген (2007). Бизнес және Маркетинг Жоғарғы мектебінің магистранты (Испания 2009), біраз жылдар бойы өз саласы бойынша жұмыс істеп, 2011 жылы  кино саласына ауысқан. Лондонда білім алды, кейін қазақстандық және шетелдік фильмдердің түсіру алаңдарында жұмыс істеген. Туындылары Канн (2018) мен Берлиналеге(2019) және шетелдің бірқатар байқауларына қатысты. «Тұран» университетінің Киноөнер кафедрасының аға оқытушысы болып табылады. Forbes.kz күні кеше ғана Германия астанасында өткен кинофестивальден  оралған Жаннат Алшановадан сұхбат алды.

Жаннат, жапы кино саласына қалай келдіңіз? Менің білуімше алғашында бұл салаға қатысыңыз болмаған екен.  Кәсіп қалай өзгерді? Алғашында қайда істедіңіз?

-Иә,  мен алған маркетолог мамандығы бойынша білім алдым,  іскерлік әкімшіліктендіру бакалавры және маркетинг шебері  деген дәрежелерім бар. Мен бірнеше жыл бойы осы мамандық бойынша компанияда жұмыс істедім, менеджмент берендімен, бюджет мәселелерін жоспарлаумен айналыстым. Бірақ, кейін шығармашылық саласына кету туралы шешім қабылдадым.

Лондонда білім алғаныңызды білеміз. Қандай оқу орнында оқыдыңыз? Қандай тәжірибе жинадыңыз? Неге үйретті?

-Мен өнер шебері дәрежесі бойынша Лондонның  кино мектебін тәмәмдап, кино өндірісі мамандығын меңгеріп шықтым. Онда білім алу оңай болған жоқ  және ең бастысы бәсеке күшті. Біз әрбір семестр сайын пленкаға және цифрлы форматқа қысқаметражды ойындық немесе  деректі фильмдерді түсіретінбіз. Сонымен қатар, онда өзіңді монтажер, оператор, режиссер, қоюшы-суретші, продюсер рөлінде жұмыс істеп көруге мүмкіндік болды. Мысалы, режиссер болып көру үшін өз сценарийіңді жазып, комиссия алдында тұсаукесерін (питч) жасау керек. Осындай 20 жобаның арасынан  тек 4 жұмыс қана таңдалын алынатын.

Канн фестиваліне қатысқаныңыздан хабардармыз. Онда қандай картина ұсынылды? Нәтижесі қалай болды?

-Канн фестивалінде мен «Конец Сезона» деп аталатын дипломдық жұмысымды ұсындым. Ал сенің туындың осындай әйгілі фестивальдердің байқауйына шығып жатқан кезде ерекше әсер аласың, ал бұл болашақта  көптеген жаңа  мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз.

«Конец Сезона» не туралы, кімдер ойнады?

-Бұл  Қазақстан мен Ұлыбританияның бірлескен жобасы. Ұзақтығы 23 минут. Қазақстанда түсірілді. Басты рөлдерде Роза Хайруллина және Дулыға Ақмолда ойнады. Ал, мазмұнына келсек, кейіпкеріміз Роза маусым соңында шексіз далада орналасқан күйеуінің қонақ үйіне келеді. Ал, ондағы күтпеген кездесу оның күнделікті өмірін түбегейлі өзгертеді. Фильм Каннан бөлек Англияда, Польшада, Францияда, Германияда және Колумбияда өткен халықаралық фестивальдарда көрсетілді.        

Енді жақында ғана қатысқан Берлинале бағдарламасы туралы айтып өтсеңіз. Бұл фестивальға қалай бардыңыз, онда не ұсынылды? Кімдермен жұмыс істедіңіз? 

-Бұл «Берлинале-2019» фестивалі аясындағы «Берлинале таланттары» деген беделді білім беру бағдарламасы болды. Бұл  сан түрлі шеберлік сыныптары мен дискуссиялардан тұратын және әлемнің жетекші киногерлерімен кездесуге мүмкіндік беретін бірегей алаң. Ал, оған қатысуға арналған өтініш бір жыл бұрын берілді және нәтижесінде әлемнің 130  елінен  қатысқан 3400 үміткерден 250 адам ғана іріктелді.  Бағдарлама қатысушыларының барлығы  шығармашылық жолын жаңадан бастап келе жатқандар, бірақ барлығы дерлік   «А» класындағы бірқатар фестивальдерде айтулы жетістіктерге жетіп үлгерген. Біздің жұмыс кестеміз өте тығыз болды, таңғы сағат 8-ден бастап кешкі 8-ге  дейін қолымыз босаған жоқ. Сондықтан, өкінішке орай көптеген фильмдерді көруге мүмкіндігіміз болған жоқ.

Жалпы, Берлинале сіздің шығармашылығыңыз үшін не береді? Алдағы жоспар қандай? Болашақта қатысушылармен бірлесіп жұмыс істеу ойда бар ма?

-Берлиналеге қатысу мәртебесі түрлі қорлармен резиденцияларға  ұсыныстар жасау барысында басымдық беретіні сөзсіз. Бірақ, бәріне кепілдік береді деуге тағы болмайды. Бұл дегеніміз жаңа таныстық, жаңа тәжірибе. Ал, бұның бәрі болашақта бірлесіп және өзара  ынтымақтастықта жұмыс істеуге жол ашуы мүмкін.

Кино үлкен бюджетті талап етеді. Қаржы көзі қайдан?  Қолдаушыларыңыз бар ма?

-Мен түсірген «Конец Сезона»  туындысының біраз бөлігін Ұлыбритания қаржыландырды. Ал келесі жобаларыма  халықаралық ко-продюсерлерді іздестіретін боламын.

Қазірге дейін қанша картина түсірдіңіз, қандай жобалараға қатыстыңыз, кімдермен жұмыс істедіңіз?  Алда қандай фильмдер түсіру жоспарда бар?

- Алғашында «Марко Поло» (Нетфликс) түсірілімдерінде ассистент болып жұмыс істедім, кейін режиссер Ермек Тұрсыновтың «Жат» (Қазақстан) алаңында  фотограф болдым.   «Отель Белая Орхидея» атты алғашқы фильмім Camerimage (Польша) фестивалінің негізгі байқауына – операторлық өнер саласындағы ең беделді фестивальға қатысты. Фильм Пекин киноакадемиясының 16-шы Халықаралық студенттік Кино және бейне фестивалі, сондай-ақ халықаралық артхаус фестивалінің «Фотоувеличение» (Чикаго, АҚШ) бағдарламасына іріктелді.  Ал, жеке өзім  сценарий авторы және режиссер ретінде екі  қысқаметражды фильм түсірдім. Сонымен қатар, Америкада «Береза» (АҚШ)  пен Түркияда «Заноза»  (Түркия) екі қысқаметражды туындыларға продюсерлік еттім және Оңтүстік Африкада «Мы благодарны» (ОАР) толықметражды  картинада  ко-продюсер ретінде жұмыс істедім.  Ал, қазіргі күні екі қысқаметражды фильмнің сценарийлерін жазумен және өзімнің толықметражды тұңғыш туындыммен айналысу үстіндемін.

Негізі қандай жанр жаныңызғажақын? Прокатқа жұмыс істеу жоспарда бар ма?

-Мен қазіргі күні психологиялық драма жанры бойынша жұмыс істеймін. Ал, жалпы алдағы уақытта толықметражды фильмім прокатқа шығады деген үмітім бар.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube