Кезең бойынша қысқаша қорытынды

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2021 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолуды ұсынады

ФОТО: pixabay.com

2021 жылы сақтандыру қызметінен түсетін кірістердің 23%-ға өсуі инвестициялық және өзге де қызметтерден түсетін кірістердің сәйкесінше 11%-ға және 1%-ға төмендеуі есебінен ішінара түзелді. Бұл тұрғыда жалпылай сақтандыру секторының кірістері 15%-ға өсті.

Шығыстардың 26%-ға жеделдеп өсуі салдарында жалпылай сақтандыру секторының таза кірісі 2020 жылмен салыстырғанда 11%-ға азайғаны белгілі болды. Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша резервтер мен қайта сақтандыру активтерін өзгертуге арналған шығыстар 2 еседен астам өсті; комиссиялық сыйақы төлеу шығындары 20%-ға ұлғайып, сақтандыру шарттарын бұзуға қатысты шығындар 37%-ға, әкімшілік шығындар 29%-ға өсті.

ФОТО: АФК

Сектор активтерінің орташа өлшенген кірістілік көрсеткіші (Roaa) нарық бойынша 14%-ды құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 2%-ға төмен көрсеткіш. Саладағы рентабельділіктің жалпы төмендеуіне қарамастан, нарық ішінде капитал кірістілігі орташа мәндерден айтарлықтай жоғары дейтін ойыншылар да бар. Жалпылай сақтандыру нарығы қалыпты шоғырланған күйде қалып отыр, нарық ішіндегі ойыншылар арасындағы бәсекелестік жоғары деңгейде. 2021 жылы нарыққа шетелдік ойыншылардың шығуы байқалған жоқ, бүгінде шетелдік капитал үлесімен бір ғана компания бар (Sinoasia B&R).

ФОТО: АФК

Өткен жылы көрсеткіштердің өсуіне ықпал еткен негізгі күш деп цифрландыру барысын айтуға болады. Сақтандыру қызметтерін онлайн алу мүмкіндігі пандемия салдарын жеңілдетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. 2022 жылы міндетті автосақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайларын толықтай электронды тәсілмен (Еуропротокол) реттеу мүмкіндігі іске асырылады деп күтілуде.

ФОТО: АФК

Сондай-ақ, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және туризм үшін ковидтік шектеулерді алып тастау шаралары аясында сақтандыру сыйлықақылары алымдарының өсуі байқалуы мүмкін.
S&P болжамдарына сәйкес, 2022 жылы меншікті капиталдың рентабельділігі 13–14% деңгейінде қалып, сақтандыру сыйлықақысының өсуі (брутто) 10%-ды құрауы ықтимал.

ФОТО: АФК
ФОТО: АФК
ФОТО: АФК
ФОТО: АФК

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
90023 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить