2025 жылға қарай исламдық қаржы активтерінің үлесі $4 млрд-тан асуы мүмкін

Қазақстан ислам қаржысын қалай және қанша көлемде тартты, инвестиция қайда бағыт алып жатыр

Фото: inform.kz

Бұл институттың қызметі тараптар үшін қаншалықты тиімді, банктердің шарты несімен ерекшеленеді, құнды қағаздар нарығындағы климат қандай, әлемдегі және «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы (АХҚО) ислам инвестициясының үлесі қандай болмақ. Бұл жайында Forbes.kz тілшісімен тілдескен АХҚО Исламдық қаржыландыру департаментінің директоры Әлібек Нұрбеков айтып береді.

F: Қазақстанға исламдық институттар қалай және қашан келді?

Әлібек Нұрбеков
Әлібек Нұрбеков

- Қазақстанның исламдық қаржыландыру индустриясын дамытуда негізгі және стратегиялық серіктестерінің бірі болып Ислам Даму Банкі (ИДБ) табылады. 1995 жылдың 12 желтоқсанында Конакри қаласында (Гвинея) Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) қатысушы-елдерінің Сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан ИЫҰ-на мүше болды және оның жарғысына сай ИДБ-нің мүшесіне айналды. 1996 жылдың мамыр айында Қазақстан ИДБ-нің Құрылтай шартын ратификациялады.

ИДБ-нің аймақтық төрт кеңселерінің біреуі Қазақстанда ашылғанын атап өту қажет. Қалған үшеуі – Рабат, Куала-Лумпур және Дакар қалаларында орналасқан.  

АХҚО-ның қызметі ИДБ-нің Қазақстандағы Басқарушы кеңсесі ретінде қызметі 2016 жылдың наурыз айынан басталды. Сондай-ақ, АХҚО және ИДБ арасында қол қойылған меморандум ИДБ тобы мен Қазақстанның мемлекеттік және жеке құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, олардың ИДБ тобымен қарым- қатынасын үйлестіруге бағытталған.

F: Ислам инвестициясы экономиканың нақты қандай секторларына  тартылды, қандай көлемде? Нәтижесі қандай?

- Бүгінде ИДБ жалпы сомасы $1,5 млрд құрайтын ондаған жобаларды мақұлдады. Қаржыландырудың негізгі бөлігі тасымал құралдарына (55%), ауыл шаруашылығына (23%), кіші және орта бизнеске бөлінеді (19%).

Сондай-ақ, Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам Корпорациясы (ICD)  жалпы сомасы $160 млн-ды құрайтын кіші және орта бизнес жобаларын қаржыландырды және қаржы ұйымдарына қаржыландырудың қатарын ұсынды. Ал Халықаралық Ислам Сауда-қаражат Корпорациясы (ITFC) өз кезегінде дәнді-дақыл экспортерлерін $800 млн-нан аса көлемде қаржыландырды, ал Инвестициялар мен Экспорттық несиелендiрудi сақтандыру жөнiндегi Ислам Корпорациясы (ICIEC) Қазақстанға Түркиядан тартылған шетелдік инвестицияларды $32 млн-ға сақтандырды. Сондай-ақ, ИДБ түрлі ұйымдарына жалпы сомасы $3 млн асатын көлемде техникалық көмек гранттарын бөлді, соның ішінде, ағымдағы жылдың наурыз айында АХҚО-ға барлық мүдделі тараптарды тартумен 2018 жылы жүзеге асырылатын, Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша жол картасын жасауға грант бөлу туралы шешім қабылданды.

Boston Consulting Group (BCG) компаниясының пайымдауы бойынша жалпы АХҚО-ның құрылуы арқылы 2025 жылға қарай исламдық қаржы активтерінің үлесі $4 млрд-тан ($3 млрд-тан аса – банкинг және $1 млрд-тан аса – капитал нарығы) асуы мүмкін.

F: Келешектен  не күтеміз? 

- 2014 жылдың мамыр айында ҚР үкіметі және ИДБ тобы арасында қол қойылған Серіктестік туралы Шектелген Келісім-шарты аясында Қазақстан экономикасына жеңіл шарттар бойынша $2 млрд дейін қаражат бөлу жоспарланды.

АХҚО дамуының келешекті бағыты ретінде Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымымен (IOFS) ынтымақтастық болып табылады. IOFS міндеттерінің бірі ИЫҰ елдерінде ауыл шаруашылық және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы жобаларды қаржыландыруға арналған исламдық қаржы құралдарына жол ашу.

Сондай-ақ, 2016 жылы сәуір айында Стамбул қаласында өткен ИЫҰ Саммитінде жарияланған ҚР Президентінің бастамасы - Исламдық Инфрақұрылымдық Интеграция аясында Қазақстан мен ИДБ арасында және 2017 жылы қыркүйек айында Астана қаласында ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар бойынша өткен Бірінші Саммиті аясында құрылған Ғылым, технологиялар және инновация жөніндегі ИДБ Қоры арасында серіктестік орнату және инвестиция тарту күтілуде.

F: Құнды қағаздар нарығындағы жағдай қалай?

- Капитал нарығына қатысты айтар болсақ, мемлекетіміз Қазақстан Даму Банкі атынан 2012 жылы экономиканың нақты секторына Сукук исламдық құнды қағаздарды алғаш шығару арқылы $76 млн тартты. Биылғы жылы, ҚР Қаржы министрлігі посткеңестік кеңістікте алғашқы болып $300 млн дейін АХҚО биржасына орналастыру арқылы мемлекеттік Сукук исламдық құнды қағаздарын шығаруды жоспарлауда. Оған қоса, ICD осы жылы Қазақстан нарығында ұйымдастырылған, қаржы институттарына келешекте қаражат ұсыну мақсатында көлемі $100 млн-ға жететін Сукук ислам құнды қағаздарын шығару арқылы қаржы келтіруді жоспарлауда.

Барлық бұл қадамдар Қазақстан экономикасының нақты секторына инвестициялар тарту мақсатында исламдық қаржыландыруды дамытуға септігін тигізеді.

F: Бүгінгі күнде қандай негізгі исламдық қаржы өнімдері және құралдары бар?

- «Мушарака» – жобаны банк пен кәсіпкердің күшімен серіктесе отырып жүзеге асыру. Банк белгілі бір пайызды алуға байланысты қаржыландыруды жүзеге асырмайды, пайданы алуға қатысады. Жоба жүзеге аспаған жағдайда шығындар қаржыландырудағы қатысушылардың пайызына тепе-тең етіп бөлінеді.  

«Мудараба» – бұл келісім-шарт бойынша банк клиенті банкке өз ақшасын белгілі бір жобаға немесе қызмет түріне жұмсау үшін береді. Жобаны іске асыруда түскен пайда келісілген пропорцияда бөлінеді.

«Мурабаха» - келісілген бағада сатушы мен сатып алушының арасындағы сату-сатып алу келісім-шарты. Сатушы (мысалы, банк) шикізатты немесе құрал-жабдықтарды сатып алушының  атынан сатып алады және кейіннен қайта өзіне көтеріңкі бағада сатады. Сатып алушы  талап етілген соманы толықтай немесе бөліп төлеу арқылы қайтарады.

«Уақала» – агенттік келісім-шарт, онда салушы агентті (банкті) оның қаржысын рұқсат етілген активтерге инвестициялауға өкілетті етеді.

«Салам» – мерзімі ұзартылған жеткізілімге жататын тауарды сату-сатып алу келісім-шарты, оның шарттары бойынша тауар құны алдын ала төленеді, ал тауардың өзі сатушы және сатып алушы өзара келіскен уақыт аралығында жеткізіледі. Бұл құрал ауыл шаруашылық өнімдері және шикізат тауарлары өндірісінде қолданылады.

«Истисна» – келісім-шартқа қол қою сәтінде жоқ тауарды сату-сатып алу келісім-шарты. Тауар өндірушісі тауарды арнайы сатып алушының тапсырысы бойынша жасайды. Истисна келісім-шартының негізгі қажетті шарттары болып өндірілетін тауардың алдын ала келісілген құны және оның сипаттамасы табылады. Тауардың ақысы сатып алушының тауарды алғанға дейін бірегей төлем ретінде емес, кезең-кезеңмен, өндірушінің орындаған жұмысына байланысты төленеді. Бұл құрал құрылғылар өндірісінде, жол және ғимараттар құрылысында қолданылады.

«Иджара» – жалгерлік (лизинг) немесе жалдау шарты. Исламдық банкинг мәнмәтінінде бұл лизинг шарты бойынша қаржы ұйымы өз клиентінің жабдықтарын немесе ғимаратын белгіленген ақыға жалға береді.

«Зекет» – ауқатты мұсылмандардың мүлкіне салынатын және оны мұсылман қауымының жарлы, ауқатсыз тобын қамсыздандыруға жұмсалатын, міндетті салық (2,5%).

«Уақф» – мұсылмандық құқыққа сәйкес, мемлекет не жеке тұлға діни немесе қайырылымдылық мақсаттарда бас тартқан мүлік.

«Кард-әл-хасан» – пайызсыз қарыз. Банк тұлғаға немесе ұйымға келісілген мерзімге дейін пайызсыз қарыз береді.

«Сукук» – материалды активтерде, көрсетілетін қызметтерде және нақты жоба активтерінде толық иелікті куәландыратын, атаулы құнға тең инвестициялық сертификаттар.

«Такафул» – негізінде түскен кіріс пен шығындарды қатысушы мен оператор арасында бөлу механизмі бар сақтандыру жүйесі.

F: Исламдық қаржы институттары әлем нарығында белсенді ойыншыға айналып келеді. Оның қазіргі беталысы қандай? 

- Бүкіл әлем бойынша исламдық қаржы өнімдерін ұсынатын 1400-ден астам компаниялар (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар, қаржы компаниялары, лизингтік компаниялар) жұмыс істейді. 2016 жылы жер шарының 70 елінде 300-ге жуық толыққанды банктер және 200 «исламдық банк терезелері» өз қызметін жүзеге асырған. Сондай-ақ, шамамен 50 елде 200-ден астам сақтандыру компаниялары (такафул) және 100-ден аса «такафул терезелер» жұмыс істеген. Исламдық қаржыландыру саласында қызмет атқаратын инвестициялық қорлар, қаржы компаниялар және лизингтік компаниялар саны 570-тен асқан.

F: Исламдық қаржыландырудың болашағына қатысты болжам қандай? Көшбасшылар қатарында қандай мемлекеттер тұр?

- 2022 жылға қарай исламдық қаржыландырудың активтері $3,8 трлн жетеді деп күтілуде. Исламдық қаржыландыру активтері бойынша үздік 7 мемлекетті атап өтейін:

  • Иран – $545 млрд немесе бүкіләлемдік үлестің 25%

(Иранда исламдық қаржыландырудың үлесі – 100%),

  • Сауд Арабиясы –  $473 млрд немесе бүкіләлемдік үлестің 21,5%   

(Сауд Арабиясында исламдық қаржыландырудың үлесі – 50%)

  • Малайзия –  $406 млрд немесе бүкіләлемдік үлестің 18,5%

(Малайзияда исламдық қаржыландырудың үлесі – 27%)

  • БАӘ –  $203 млрд немесе бүкіләлемдік үлестің 9%

(БАӘ-де исламдық қаржыландырудың үлесі – 20%)

  • Кувейт –  $120 млрд немесе бүкіләлемдік үлестің 5,5%

(Кувейтте исламдық қаржыландырудың үлесі – 40%)                                     

  • Бахрейн –  $99 млрд немесе бүкіләлемдік үлестің 4,5%

(Бахрейнде исламдық қаржыландырудың үлесі – 15%)

  • Индонезия –  $82 млрд немесе бүкіләлемдік үлестің 3,7%

(Индонезияда исламдық қаржыландырудың үлесі – 5%)

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4354 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
23 июля родились
Сержан Жумашов
совладелец Capital Partners
Самые интересные материалы сайта у тебя на почте!
Подпишись на рассылку
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить