Елімізде жолаушылар айналымы 11,5%-ға ұлғайып өскен

2023 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында еліміздегі қолданыстағы транспорт түрлері арқылы 811,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 3,6% жоғары көрсеткіш

ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросы (ҰСБ) 13 қарашада жария еткен ақпаратта осылай деп хабарлайды.

ҰСБ дерегінше, аталған кезең аралығында еліміздегі жүк айналымы қашықтығына 415,8 млрд тонна-километрді құраған, бұл 2022 жылдың қаңтары мен қазаны аралығындағы көрсеткіштен 3,1% жоғары.

Сол сияқты, биылғы жылдың қаңтары мен қазаны аралығында 1295 млн жолаушы тасымалданды деп хабарлайды ҰСБ, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда 8,6%-ға артық көрсеткіш.

Аталған кезең аралығында еліміздегі жолаушылар айналымы 11,5%-ға ұлғайып (2022 жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда), есепке алынған км қашықтыққа 60,3 млрд жолаушыны құраған.

Өңірлер аясында алып қарағанда, 2023 жылдың қаңтарынан қазанына дейінгі кезеңде жүк айналымы Шымкент (30,2%), Алматы (25,2%), Астана (16,7%) қалалары мен Павлодар (28,6%), Солтүстік-Қазақстан (14,3%), Шығыс-Қазақстан (13,6), Батыс-Қазақстан (13,6%), Қызылорда (9,7%), Қарағанды (6,8%), Ақтөбе (4%), Қостанай (0,7%) облыстарында ұлғайып өскен.

Ал жолаушылар айналымының ұлғаюы, әсіресе, Алматы (29,8%), Астана (16,7%), Шымкент (9,3%) қалаларында және Атырау (32,2%), Шығыс-Қазақстан (26,8%), Түркістан (20,6%), Солтүстік-Қазақстан (20%), Қызылорда (11,2%), Алматы (8,9%), Қостанай (6%), Ақтөбе (1,7%) облыстарында анық байқалған.

Темір жол транспорты

2023 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында ел ішіндегі темір жол транспорты арқылы 344,7 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-қазан айларындағы деңгейден 1,3%-ға жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҰСБ.

Осы кезеңде темір жол транспорты арқылы тасымалданған жүк айналымы қашықтығына 271,3 млрд тонна-километрді құраған (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,7%-ға жоғары көрсеткіш).

Биылғы жылдың қаңтары мен қазаны аралығында темір жол арқылы 16,6 млн жолаушы тасымалданып (2022 жылғы қаңтар-қазанға шаққанда 2,2%-ға артық), жолаушылар айналымы қашықтығына 13,6 млрд жолаушыны құраған (2022 жылғы қаңтар-қазанға шаққанда 1,5%-ға аз).

Қазақстан Республикасындағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы, пайызбен

Дерек көзі: ҚР СЖРА ҰСБ

Автомобиль және қалалық электр көлігі

2023 жылдың қаңтар–қазан айларында автомобильмен жүк тасымалдау және жүк айналымы, сәйкесінше 10,2% және 1,4%-ға ұлғайып өскен (2022 жылдың қаңтары мен қазаны аралығындағы көрсеткішке шаққанда). Осы кезеңде автомобиль арқылы жолаушы тасымалы мен жолаушылар айналымының көрсеткіші де, сәйкесінше, 8,6% және 3,9% деңгейінде ұлғайып өскен.

Құбыр көлігі

2023 жылғы қаңтар-қазан айларында тұрба құбырлары арқылы 228,1 млн тонна жүк тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 0,8%-ға артық ауқым), жүк айналымы қашықтығына 119,6 млрд тонна-километрді құрады (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,2%-ға аз), деп хабарлайды бұл тұрғыда ҰСБ.

Әуе көлігі

ҰСБ дерегінше, 2023 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында еліміздегі қолданыстағы әуе транспорты арқылы 11 099,2 мың жолаушы тасымалданған (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 23,4%-ға жоғары көрсеткіш), бұл тұрғыда жолаушылар айналымы қашықтығына 21 673,6 млн жолаушыны құраған (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 33,7%-ға жоғары көрсеткіш).

Ел ішіндегі су транспорты

2023 жылғы қаңтар-қазанда ел ішіндегі су транспорты негізінде 676,3 мың тонна жүк (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 8,7%-ға жоғары ауқым), 121,1 мың жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қазанға шаққанда 15,4%-ға аз), деп хабарлайды ҰСБ.

Теңіз және жағалау транспорты

2023 жылдың қаңтарынан қазанына дейінгі аралықта теңіз көлігімен елімізде 10 77,4 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 9,6%-ға жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҰСБ. Осы кезеңде теңіз және жағалау транспортына тиесілі жүк айналымы қашықтығына 672,8 млн тонна-километрі құраған және бұл көрсеткіш 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 18,4% деңгейінде ұлғайып өскен.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте