Сыртқы сауда айналымында импорт үлесі елеулі

43897

2023 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы $44447,3 млн құрады, деп хабарлайды ҚР СЖжРА Ұлттық статистикалық бюросы

ФОТО: © Depositphotos.com/minervastock

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда, биылғы жылдың сәйкес кезеңінде сыртқы сауда айналымы номиналды мәнде 11,1%-ға ұлғайған. Оның ішінде экспорт – $25514 млн (номиналды мәнде алғанда 3,8%-ға аз), ал импорт – $18933,3 млн құраған (номиналды мәнде 40,5%-ға көп).

Сол сияқты, еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара саудасы бойынша 2023 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығындағы көрсеткіш $8999,5 млн құраған. Номиналды мәнде алғанда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 12% жоғары көрсеткіш.

Айта кету керек, 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне бағытталған тауар экспорты $3536,1 млн құраған (47%-ға көп), ал импорт – $5463,4 млн деңгейінде (3% аз) қалыптасқан.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымында елеулі ауқым Ресей Федерациясына сәйкес келеді – 92,2%. Әрі қарай – Қырғыз Республикасы (4,5%), Беларусь (3,2%) және Армения (0,1%) тұр.

Кесте 1. Сыртқы сауда айналымының динамикасы

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы, пайызбен
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы, пайызбен

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан экспортындағы тауарлардың негізгі үлес салмағын төмендегідей тауарлар құраған: битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (55,4%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (3,9%), химиялық радиоактивті элементтер мен радиоактивті изотоптар (3,5%), ферроқорытпалар (3,5%), кендер және мыс концентраттары (3,3%), бидай және меслин (2,8%).

Ал Қазақстан бағытындағы импорт тауарларының үлес салмағы былайша қалыптасқан: жеңіл автокөліктер (4,9%), телефон аппараттары (3,3%), кузовтар мен кабиналар (2,7%), дәрілік заттар (2,4%), моторлы көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары (2,0%), мұнай және мұнай өнімдері (2,0%).

Экспорт бойынша еліміздің негізгі әріптес елдері: Италия (20,4%), Қытай (14,5%), Ресей (12,6%), Корея Республикасы (6,6%), Нидерланды (5,9%), Түркия (5,0%) болып табылады.

Айтқандай, импорттағы негізгі әріптес елдерді былайша көрсетуге болады: Ресей (26,8%), Қытай (23,9%), Германия (5,1%), АҚШ (4,8%), Корея Республикасы (4,0%), Түркия (3,7%).

Кесте 2. Серіктес елдер. Қорытындыға пайызбен

Ұлттық статистикалы бюро деректері негізінде
Ұлттық статистикалы бюро деректері негізінде
   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить