Қызылордалық Евгений Демиденко әйгілі «Boeing» компаниясын қалай қызықтыра білді

17 жасар бозбала әуе кемесінің жаңа үлгісін ойлап тапқан

Күні кеше ғана мектеп тәмамдаған Евгений Демиденко тағы қандай жобаларды қолға алды? Ол алғашқы табысын қанша жасында тапты? Өнертапқыш бала IT саласына қандай жаңалық енгізбек? Бұл туралы ол Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып береді.

F: Евгений, қай жерде туып өстің, қандай мектепте білім алдың?

-Мен Қызылорда қаласында дүниеге келдім, қаладағы № 2-ші мектепте білім алдым және биыл оны керемет нәтижемен тәмамдадым. Мектеп тарихында ең үздік оқушылардың бірі деген атқа лайық болдым және бұл мен үшін үлкен бақыт.

F: Мектепте белсенді оқушылардың бірі екенсің. Қандай бағыттар бойынша жұмыс істеудесің, олардың ішінде өзіңе ең жақыны қайсы?

-Әрине, мен мектеп өмірінде белсенді болуға тырыстым, 8 сыныптан бастап қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиадаға қатыстым. Сонымен қатар, информатика бойынша ғылыми жұмыстарды әзірлеумен айналыстым. Менің ойымша, пәндердің ішінен маған математика, информатика және ағылшын тілі өте жақын болды.

F: Бұған дейін «HACK DAY-2017» жобасына қатысқан екенсің. Онда қандай жоба ұсындың? Қалай бағаланды? Оны іске асыру жоспарда бар ма?

-Иә, мен «HACK DAY-2017» байқауына қатысып, онда билогия, физика, химия пәндеріне қажетті EDU деп аталатын тәжірибелік анимациялық көмекші оқу құралын құру туралы жобаны ұсындым. Араға уақыт салып бұл жоба аймақтық мектептерде сәтті жүзеге асырылды. Мен осылайша «HACK DAY-2017» байқауының жеңімпазы атандым.

F: Анимациямен айналысады екенсін. Бұл бағытта жасап шығарған туындыларың және жоспарларың бар ма? Өзің қолға алған 3D және 4D бағдарламалары мен идеялар туралы айтып өтсең.

-Анимациялық жобалармен айныласу маған өте ұнайды, оларға байланысты жоспарым да, ойларым да көп. Қазіргі күні менде өз сәтін күтіп отырған 85 прототип бар. Алайда, оларды жуық арада жария ету орынсыз деп санаймын, себебі оларды соңына дейін пысықтау қажет және алдағы уақытта оларды таныстыру үшін көрме өткізуге тырысамын.

F: Сенің идеяларыңның бірін Boeing компаниясы сатып алғанын білеміз. Бұл қандай жоба? Қалай дүниеге келді? Компанияға қалай шықтың? Жобаның болашағы қандай? Қазір қандай сатыда? Не күтеміз?

-Иә, мен қазіргі қолданыстағы ұшақтардың базасына негізделген жаңа әуе кемесінің жобасын әзірледім. Ұшақтағы техникалық және дизайнерлік рәсімдеуді толығымен өзгертіп, оның жаңа және революциялық моделін жасап шығардым. Жоба «Nazarbayev Foundation School Challange» байқауының базасында таныстырылды және мен онда жеңімпаз атанып, Англияның жетекші жоғарғы оқу орындарына барып, білімімді жетілдіру мүмкіндігіне ие болдым, олардың қатарында «Cranfield» аэроғарыштық университеті болды. Бұл өз кезегінде жобаны соңына дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Ал бұл жұмыс аяқталысымен, маған әйгілі «Boeing» компаниясынан ұсыныс түсті және мен бұған қатты таңқалдым. Жоба құны туралы жария ете алмаймын және оның көлемі туралы алдағы уақытта айту жоспарымда жоқ екенін жеткізгім келеді. Бастысы ұшақ жобасы кәсіпқойлардың қолында және олар оны соңына дейін жеткізетін болады.

F: Youtube порталының аналогын жасау ойда бар екен. Ол несімен ерекшеленеді? Қалай жұмыс істейді? Әйгілі сайтқа бәсекелесе ала ма?

-Қазіргі кезде бейнехостингтің жаңа буынын әзірлеу үстіндемін. Мен бұл идеямен ұзақ уақыт бойы жұмыс істедім және халықаралық деңгейдегі бірігей жобаны жасап шығаратыныма сенімдімін. Бейнелерге қатысты алымдар мен ұсыныстар жүйесін толығымен өзгертемін және оны шамамен 2020-2021 жылдары толығымен іске асырамын деген ойдамын. Қазір жоба жабық көрсетілім жағдайындағы прототип сатысында тұр.

F: Алдағы жоспар қандай? Қайда білім алғың келеді? Басты мақсат қандай?

-Мен өзімді болашақта IT маманы ретінде көремін. Мен осылайша өмірлік кәсібімді айқындадым және айналысатын ісіме толығымен көңілім толады. Себебі, бұның бәрі маған тек бағыт сыйлауда. Менің ойымша әрбір адам осы бір әлемге пайда әкелетін нәрсемен айналысуы керек және ең бастысы жұмыс барысында кездесетін сәтсіздіктер мен жеңілістер кезінде ешкімге кінә артпау керек. «Мүмкін емес» дегеннің жәй сөз ғана екенін баршаға тек үздіксіз даму арқылы дәлелдеу керек, бұл менің басты әрі негізгі ұраным болып қала береді.

F: Қазір тағы қандай жобаларды қолға алудасын? Кімдер қолдау көрсетуде? Сенің бастамаларыңа қызығушылық танытып отырғандар бар ма?

-Мен өз елімнің патриотымын, сондықтан ешқайда кетпей, тек Қазақстанда жұмыс істеуге бел буып отырмын және IT саласын осы уақытқа дейін алған және алда алатын біліміме сай дамытатын боламын. Алдағы жоспарларға келетін болсам, мен өзім жан-жақты болғандықтан өзімді барлық салада сынап көргім келеді және жаңа жобаларды дамыту арқылы өзге елдермен байланыс орнатқым келеді. Бір ғана саланы тереңдетумен шектеліп қана қомай, кейде үйренуге машықтану қажет деп санаймын. Сондықтан, қазіргі кезде бар күш-жігерімді бейнехостингке жұмсаудамын. Ал, қолдаушылар мен демеушілерге келетін болсам, Қазақстанда нақты инвесторлар мен менторлар жоқ. Егер, осылай жалғаса беретін болса, одан әрі дамуға шетелдік меценаттар көмек береді деген ойдамын.

F: Өз бетіңше табыс тауып көрдің бе? Қай кезде және қанша көлемде?

- Иә, табыс тауып үлгердім. 15 жасымда мултипликациямен айналысатын бір компанияның тапсырысын орындадым. Ал, табыс көлемі 250 мың теңге болды.

F: Отбасы мүшелері туралы айтып өтсең? Ата-анаң қай салада қызмет етеді? Олар саған қаншалықты қолдау көрсетуде?

-Мен үшін отбасымнан қасиетті ешнәрсе жоқ. Олар менің барлық бастамаларымма қолдау білдіріп отырады және сенеді. Сондықтан, мен олардың үмітін ақтауым керек. Мен үйде жалғыз баламын. Менің анам облыстық наркологиялық-психиатриялық орталықта тәжірибелі дәрігер. Ал әкем болса жеке кәсіпкер, техникалық қызмет көрсету бекетін басқарады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4655 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
22 октября родились
Бауыржан Урынбасаров
вице-президент АО "Национальная компания "Қазақстан темір жолы"
Нуржами Алтынсака
советник председателя правления АО «Жилстройсбербанк Казахстана»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить