Қытайдың тарихқа қатысты екіжүзді ұстанымы

10865

Қытайда биыл мерейтой көп. Мамырдың 4-і Қытай Халық Республикасы Пекиннің Тяньаньмынь алаңының алдында 1919 жылы болған студенттер басталған “4 мамыр қозғалысының” бір ғасырын атап өтті. Қытай ұлтшылдығының қалыптасуына осы оқиға негіз болған. Сосын, арада бір ай өткен соң, 4 маусымда дәл сол жерде демократияны жақтап шыққан студенттерді күшпен басып тастағанының 30 жылдығы болды. Бұл шешуші датаны, керісінше, Қытайда мойындамайды да, атап өтпейді де

Фото: pixabay

1919 жылғы демонстрация Тяньаньмынь алаңындағы Халық батырлары монументі арқылы есте қалдырылған. 1989 жылғы көтерілісшілер де ғылым мен демократияның дәл сол идеалдарына сүйеніп, ұлтқа адалдықтарын көрсетті. Бірақ 1989 жылғы қозғалыс Қытайдан тыс жерлерде “Тяньаньмынь қырғыны”, ал елдің өз ішінде “Тяньаньмынь оқиғасы” деген атпен тарихта қалды. Қытайда отыз жыл бұрынғы оқиға туралы айтуға тыйым салынған, билік ол туралы мәліметті Интернеттен алып тастап отырады, елдегі жаңа буыннңы ол оқиғадан хабары жоқ.

Қытай мемлекеті 4 мамырды атап өтіп, 4 маусым оқиғасы туралы жадыны жаныштауға тырысып, үнемі қайшылыққа ұшырап отыр. 1919 жылғы студенттер – интеллектуалды әлеуметтік жауапкершілігі бар адам деп есептейтін бұрыннан бар қытай дәстүріне сай келетін ерекше патриот жандар. Империя уақытындағы идеал ғалымдар биліктегі жемқорлық туралы айтып, реформаны талап етіп, шындықты тура айту арқылы ерекше тәуекелге барды.

ХХ ғасырдың басындағы университет студенттері осы дәстүрді бойына сіңірді. Іс жүзінде Қытай коммунистік партиясы “4 мамыр” қозғалысынан бастау алады. Студенттердің басылымдары марксистік идеяларды таратты, Пекин университетінде марксизмді зерттеу тобы құрылды, кітапханада жұмыс істеп жүрген студент Мао Цзэ Дун да содан марксизм-ленинизм идеяларын бойына сіңірді.

4 мамыр қозғалысы ел ішінде ерекше танымал болғандықтан, 1989 жылы наразылыққа шыққан студенттер әдейі айтылып жүргендей ұзын көйлек пен бүрмелі белдемше емес, ұзын шаш жіберіп, джинсы киіп шыққан. Алдыңғы шерушілер сияқты олар да патриот екендерін айтып, Маодан кейінгі реформалар кесірінен қалыптасқан биліктегі жемқорлық пен  экономикалық теңсіздікке назар аудартқан.

Клайда, Қытай мемлекеті 1989 жылғы Тяньаньмынь шеруін “контрревлюцияшыл бүлік” деп атап, басқаларды адастырды деп, бірнеше қаскөйге жала жапқан. Әлем назар аударғанына қарамастан, қозғалыс күшпен жанышталды, одан соң басшылық үнсіз қалып, ұмытып кеткендей кейіп танытты.

Соған қарамастан, 4 маусым оқиғасының мерейтойы – саяси тұрғыда тым шетін тақырып, Қытай үкіметі сол датаның қарсаңында ерекше қырағылық танытады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша, шетелдік журналистерге ол туралы жазуға кедергі жасалады. ВВС-дің және Пекиндегі Ұлттық халық радиосының бұрынғы тілшісі Луиза Лимнің басынан осындай жағдай өтті.

 1989 жылдан бері ҚКП жастарға Қытай мемлекетін, оның басымдықтарын үйретуде ерекше еңбек етті. Балалар “патриоттық тәрбие” сабақтарын алады, жас пионерлер мен Жас коммунистер лигасы арқылы адалдық дәріптеледі, ал университеттер саяси ауытқулардан сақтанудың күрделі жүйесін жасаған, саяси адалдықты олар жұмыс беру арқылы ынталандырып отырады. Бұл шаралар бір жағынан Қытай жастарын бейсаяси етіп тастаған. 4 мамыр қозғалысының мұрасы тиімді түрде екіге бөлінген, онда патриотизм наразылықтан бөлініп алынған.

Бірақ мемлекет Қытай студенттерін ұйыстыруда толық жетістікке жете алмады. 2018 жылы ҚКП-ның өз марксистік идеологиясын қолдайтын студенттер билікке қарсы шыққандардың ең соңғы толқыны болды. Өткен жазда бір топ адам оңтүстік Қытайда фабрика жұмысшыларын ұйымдастырып, заңсыздықтарға назар аудартып, жұмысшылардың тәуелсіз кәсіподақ құруына жәрдемдесуге кірісті. Қытай төрағасы Си Цзиньпинге адалмыз деген студенттер өз мекемелерінде және университеттерде науқан бастады.

Мемлекет ондаған адамды қамады. Видеоайғақтар Пекин университеті басшыларының студент ұйымарына кедергі қоюға әрекеттенгенін айғақтайды, ал куәгерлер жай киінген полиция қызметкерлері ұстап әкеткен жетекші марксист студенттердің жоғалып кеткенін айтады.

Бір қызығы – Қытай сөздері мен ойлары ҚКП-ның бастапқы идеалдарына сай келетін солшыл студенттерді қудалап жатыр. Маодан бастап, партияның бұрынғы лидерлері сияқты олар да әділетсіздік көрген жұмысшыларды ұйымдастырып, тіпті өздері де фабрика жұмысына араласқан. Марксизм сабақтарынан және Маоның еңбектерінен оқығандарындай, олар әлеуметтік ахуалды және Қытайдағы ерекше теңсіздікті зерттеп-зерделейді. 4 мамырдағы аға буын сияқты жас марксистер де өздерін билікке шындықты айтатын адал студентпіз дейді.

Сондықтан, 1919 және 1989 жылдардың биылғы мерейтойы ерекше салмақты.

4 мамыр – патриотизм мен ағартушылықтың мұрасы. Сол идеяларға сүйенген 1989 жылғы Тяньаньмынь қантөгіс пен үнсіздікке ұласты. Шетелдік зерттеушілер Қытай басшылығының 4 мамыр мен 4 маусым оқиғаларына қатысты қарама-қайшы ұстанымына назар аударып, Қытайдың өз тарихи нарративін өзгертуге құзыреті бар деп тұжырым жасауы мүмкін.

Бірақ марксист студенттердің былтырғы оқиғасы адал оппозицияның әлеуеті бар екенін аңғартты. Қытай Халық Республикасы биыл қазанда 70 жылдық мерейтойын атап өтудің қарсаңында Қытай өзінің төл тарихымен санасқаны жөн-ақ.

Денис Хо – Йель университетінде тарих профессоры, “Curating Revolution: Politics on Display in Mao’s China кітабының авторы

© Project Syndicate 1995-2019 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube