Астанада Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ашылады

12143

«Астана Экспо-2017» көрме кешенінде орналасатын орталық 2018 жылдың 5-ші қарашасында ресми түрде іске қосылады

Фото: Архив пресс-службы

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің байланыс бөлімінің басшысы Марат Шакен хабарлады және оның миссисы мен болашағына қатысты сұхбат берді .

F: Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі» ресми түрде қашан іске қосылады? Ашылу рәсіміне кімдер қатысады, қандай шаралар жоспарланған?

- Astana Hub технопаркінің халықаралық таныстырылымы 2018 жылдың 5-ші қарашасына жоспарланған. Ол шара халықаралық «Digital Bridge» форумы барысында өтеді. Шара барысында Astana Hub-тың осы жылы жеткен жетістіктері таныстырылып, алға қойған мақсаттары мен міндеттері сөз болады. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар әлемдегі IT жаңалықтармен бөлісіп, үдерістерді талқылап, «Astana Hub»-тың маңызы туралы әңгіме қозғайды.

F: Жалпы бұл орталықты іске қосудағы мақсат қандай? Алда қандай міндеттер тұр? Жұмыс механизмі қандай болмақ?

- Қазір төртінші өнеркәсіптік революция басталуда, яғни жасанды интелекттің, роботтық техникалар мен басқа да жоғарғы технологиялардың көмегімен өндірісті дамыту. Бұрындары ондаған жылдарды талап ететін өзгеріс қазір бас-аяғы бір жылдың ішінде болуда, өз жылдамдығын үдете отырып, біршама уақыттардан кейін әлемдегі өзгерістер бір айдың ішінде орын алуы мүмкін. Әлем өте қарқынды түрде өзгеріп жатыр, жаһандық жандану басталған кезде біздің еліміз де сол жылдамдықтан қалыс қалмай, бірден ілесіп кетуі керек. Орталықты іске қосудағы басты мақсат — еліміздің экономикасын нығайту мақсатында жоғарғы технологиялы жобаларды қолдау мен стартап-мәдениетті дамыту.

Үлкен көлемді технологиялық бизнестің көмегімен еліміздің макроэкономкасын нығайтуға күш салу. Нарықтық ортаны дамытуда басты рөлді кәсіпкерлер алатыны белгілі, сол үшін кәсіпкерлерге қолайлы орта жасап, олардың бизнестері мен инновациялық жобаларының дамуына қолдау көрсету.

F:   Қазіргі күні команда құрамында кімдер бар? Басшылар құрамы кімдер, ұжым қалай іріктелді, қанша маман жұмыс істейді?

- Қазіргі таңда «Astana Hub» ұжымы 27 адамнан құралған. Команда құрау кезегінде сүйенген ең алғашқы талабымыз — адамдардың нарықтан болуы. Astana Hub-қа жұмысқа орналасардан бұрын өздері дәстүрлі және IT-кәсіпкерлікпен айналысқан. Стартаптарды құру, басқару, пайда табу функцияларын сәтті орындап шыққан. Қазақстанды шет елдік алаңдарды таныту саласында IT тақырыбында мақалалар жазған, қоғаммен байланыс саласында мемлекеттік және жеке компанияларды жұмыс істеген, заң ғылымдарын жетік меңгерген мамандар жиналған. Ұжымның әрбір мүшесі кем дегенде 3 тілді жетік меңгерген.

F: Қазіргі күні қарқыны жұмыс басталып кеткенін білеміз. Бүгінгі нәтиже қандай, қандай және қанша жоба қолға алынуда?

- Astana Hub ақпан айынан бастап стартаптарды дамыту бағдарламаларын іске қосты. Осы уақытқа дейін акселерациялау бағдарламасының алғашқы легі сәтті орындалып өтті. Алғашқы акселератор бағдарламасына 150-ден астам жоба қатысуға өтініш беріп, соның ішінде 12 жоба іріктеліп алынды.

Бірінші акселератор бойынша күтілген болжамдар орындалып, инвестиция тартылды. Қазан айында акселерация бағдарламасының екінші легі аяқталады. Екінші акселераторға өтінім берген жобалар саны 300 шамасында, оның ішінде шет елдік жобалар да бар. Атап айтқанда, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден қатысуға өтінім беріп, іріктеліп алынды. Ал қазір үшінші акселераторға ұсыныстар қабылдау astanahub.com сайтында қарқынды түрде жүріп жатыр.

F: Қаржы көздерін тарту қалай іске асады, қандай инвесторлармен жұмыс жүргізілуде, жалпы алда тартылатын инвестиция көлемі қандай? Нақты жүзеге асатын жобалар белгілі ме?

- Astana Hub өз тарапынан қаржыландырумен айналыспайды, дегенмен стартаптарға басқа деректерден қаржыландыру алуға көмектеседі. Жалпы алғанда, ол жеке кәсіпкерлер мен инвесторлар болып табылады. Инвесторлар мен стартаптарды бір алаңға жинап, бір-біріне көмек көрсету үшін арнайы іс-шаралар өткізіледі, соның ішінде Startup Market day — стартаптардың инвесторлар алдында өз жобасын қорғау. Оның нәтижесі бойынша инвесторлар өздеріне қызықты деп тапқан жобаларға қаржылай көмек көрсетеді.

F: Қазақстандағы цифрландыру бағдарламасына орталық қандай үлес қоспақ? Қай бағытта жұмыс істейді?

- Astana Hub халықаралық IT стартаптардың технопаркінің негізгі міндеті ел экономикасын нығайту үшін стартап мәдениетін дамыту және жоғарғы технологиялық жобаларды қолдау. Цифрландыру бағдарламасы президенттің инновациялық экожүйе идеясын жүзеге асыру. «Astana Hub» стартаптарды дамыту бойынша жаңа бағдарламалар легін, яғни технопарктің екінші акселераттау бағдарламасын және жас IT жобаларды кешенді дамытатын стартаптар қоғамы жұмыс жасайды. Келешекте «Astana Hub» жетекші технологиялар мен дарынды мамандарды тартқан үлкен орталыққа айналмақ мақсаты бар.

F:  Сіздердегі сарапшылар құрамы кімдер? Кімдерден құралған? Олардың миссиясы қандай?

- Astana Hub стартаптарды қолдау бағдарламалары барысында қазақстандық және шет елдік сарапшылардың қызметіне сүйенеді. Ресейлік стартап командаларды қодау және жол көрсету қызметін атқарып жүрген үш сарапшы бар, олар Александр Дорошенко, Андрей Карабанов және Леонид Ларшин. Трекерлер акселерацияның барлық өту кезеңі бойынша стартаптарды бақылауда болады. Қойылған тапсырмалардың дұрыс орындалуы, қадағалау, KPI жету жолындағы керекті әрекеттерді ендіріп, стартаптың барлық мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі.

F: Халықаралық байланыс, халықаралық жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар ма? Болса қандай?

- Astana Hub стартаптарды қолдау бағдарламасына қызығушылық танытып, шет елден келген командалар да бар. Солардың қатарында Ресей, Өзбекстан және Тәжікстаннан акселератор бағдарламасының екінші легіне жобалар қатысты. Бұл «Astana Hub»-тың Қазақстаннан тыс та танымалдығы бар екендігін көрсетті. Ал енді келешекте қараша айында өтетін «Digital Bridge» форумына шет елдік IT-саласындағы мамандардың келуі күтілуде. «Astana Hub» алаңында «Huawei», «Nokia», «CISCO» сияқты халықаралық компаниялар өз R&D зертханаларын ашып, тығыз байланыста жұмыс жасамақ.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить