"Аяла" қоры Алматы ауруханасына 30 млн теңгеге бағаланатын 10 кереует берді

   Бизнес помогает в борьбе с COVID-19
13268

«Аяла» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова Қазақстанда COVID-19 ауруымен күресуге көмек көрсету үшін жалпы 30 млн теңге сомаға 10 жаңа заманауи көп атқарымды кереуетті Алматы қаласының Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының (ҚКЖА) жан сақтау бөліміне табыс етті

- Біздің қор бұл жабдықты Алматының ҚКЖА жан сақтау бөлімінің коронавирустық жұқпалы аурудың ауыр түрімен ауырған науқастарға жылдам көмек көрсетуге дайындығын қолдау үшін беріп отыр. Біз тек күш біріктіру арқылы ғана дәрігерлеріміздің жаңа вируспен күресте жеңіске жетуіне көмек бере алатынымызға сенімдімін. Бұл жабдықпен немесе қаражатпен көмек көрсетуге ғана қатысты емес. Көбінесе бұл әрбір қазақстандықтың өзін-өзі оқшаулауға - COVID-19 таралуына қарсы іс-қимылдың неғұрлым тиімді тәсіліне саналы және жауапты қарауына байланысты болады. Мен бүкіл қазақстандықтарға зор денсаулық, ал біздің құрметті дәрігерлеріміз-жұқпалы аурулар мамандарынапандемияны тезірек жеңіп шығу үшін үлкен күш-қайрат тілеймін, - дейді Айдан Сүлейменова.           

Алматыдағы ересектердің жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімі Чехия мен Польшада жасалған заманауи жабдық алды. Бұл – төрт секциялы мамандандырылған жан сақтау кереуеттері. Олар автоматты түрде реттегішпен жарақтандырылған, бұл емделушіні барынша ыңғайлы жағдайға тез және қауіпсіз келтіруге мүмкіндік береді, мұның өзі өкпе және жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастар үшін өте маңызды.

Кереуеттер арқа секциясын амортизациялау арқылы өкпе мен жүрек реанимациясын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте «кардиологиялық кресло» қалпына көшу емделушінің қозғалу қажеттілігінсіз кереуеттің кез келген биіктігінде бір батырмамен жүргізіледі. Зарядтың датчик-индикаторы бар кіріктірілген аккумуляторлық батареялар тіпті электр болмаған жағдайда да жан сақтау іс-шараларын үздік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Басқару пульттері арқа және жамбас секцияларын арқа секциясының биіктігін 0°-70° шегінде, жамбас буыны секциясын – нөлден 30 градусқа дейін, және жіліншік секциясын механикалық режимде – 45 градусқа дейін жеке-жеке және бір мезгілде автоматты түрде реттеуге мүмкіндік береді. Өкпе жеткіліксіздігі кезінде арқа сүйеп отыру өкпеге түсетін жүктемені төмендетеді және оңай дем алуға мүмкіндік береді. 

Кереуеттерді қашықтан басқаруды бақылау панелі батырмаларды бұғаттан шығару қауіпсіздігі, апаттық тоқтату, жатын бөлігінің реттелуін басқа басқару панельдерінен бұғаттау, кіріктірілген аккумуляторлық батареяның зарядының датчик-индикаторы, кереуеттің жатын бөлігінің бойлық еңкеюін реттеу, автоконтур (арқа және жамбас секцияларын бір мезгілде жылжыту) функцияларымен жарақтандырылған. Бұған қоса, ол жатын бөлігінің секцияларын рұқсатсыз өзгертуге кедергі болады.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры 2007 жылғы мамыр айында құрылды. Қордың миссиясы – Қазақстанда қайырымдылық дәстүрін және мәдениетін тәрбиелеу. «АЯЛА» қорының барлық жобаларының негізгі мақсаты – балалардың өмірін жақсартатын қоғамдағы жағымды өзгерістер. Қор назар аударуды талап ететін проблемалы аймақтарды анықтайды және бұған көмек бере алатын демеушілерді тартады. Қор тұрақты, айқын және жария жұмыс істейді – оның сайтында 2007-2018 жылдардың жылдық қаржы есептілігі жарияланған. Барлық тартылған қаражаттар тек әлеуметтік және қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылады.

Все материалы по теме «Бизнес помогает в борьбе с COVID-19» вы можете посмотреть по этой ссылке.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить