Білім берудегі шығармашылық тәсіл

Білім беру – көпшілігі бәрі түсінікті және айқын ғой деп ойлайтын саланың бірі. Бірақ осы салада ондаған жыл жұмыс істеген адамдардың өзі көп жағдайда үнсіз қалады, пікірталасуға уақыт жоқ

ФОТО: pixabay.com

Тура денсаулық сақтау саласы тәрізді. Күн сайын адам өмірін құтқару үшін ерлік жасайтындарға қарағанда сыртынан талқылап, сынап-мінейтіндер көп.

Дегенмен мемлекеттің ең маңызды мамандық иелері мұғалімдер мен дәрігерлерді қолдауға тырысатыны қуантады. Педагогикада болмаса да, жақсы білім алған жастардың білім бе-ру саласына жиі баратынын да байқаймын. Олар балаларының және өскелең ұрпақтың тәрбиесін өз қолына алғысы келеді. Халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде түрлі білім беру мекемелері жұмыс істеп жатыр. Менталитет өзгерді, ерекше мамандықтар, ерекше мүмкіндіктер мен қажеттіліктер пайда болды.

Ұзақ жылдан бері мемлекет пен ағартушылық қоғам жүйені барынша ашық қылуға тырысып келеді. Жекеменшік және мемлекеттік мектептер, ЖОО өзара бәсекелесіп қана қоймай, әріптестерімен серіктес болуы, тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ мәселені талқылауы керек. Тұрмыс пен білім беру арасындағы шекара барынша жұқарып барады, енді жастарға алған білімге қа-
рағанда олардың тәжірибесі маңызды бола бастады.

Тоқсаныншы жылдары авторлық мектебімді ашқанда, маған консерваторияны басқаруды сеніп тапсырғанда, бойдағы бар құштарлықпен, ерекше ықыласпен ол мекемелерге креатив пен новаторлық идеяны енгізуге тырыстым. Жұмыс барысында әрдайым тарихтағы ең танымал тұлғалардың музыканың, жалпы өнердің өмірімізге орасан зор ықпал ету туралы ойы мен білімін негізге алатын едім. Ең талантты философтар мен математиктер, биологтар мен психологтар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар эмоциялы немесе математикалық жағынан болсын, әйтеуір, сан түрлі тараптан және қай уақытта болмасын өнердің даңқын аспандатқан, оны зерттеуге, меңгеруге, насихаттауға тырысты.

Бірақ дәл біздің ғасырда адам өміріндегі барлық салада өнерге жалпы мәдениетке деген қызығушылық белсенді түрде көріне бастады. Батыс елдері жиырма жылдан астам уақыт бойы креативті өндірісті, экономиканы дамытып жатыр. Оның табысы әскери бағдарламаның, табиғи кен орындары бюджетінен әлдеқайда асып кетті. Барлық ірі трансұлттық компаниялар қызметкерлерінің шығармашылық потенциалын арттыру бойынша тренингтер өткізуді маңызды деп санайды, әлемдік университеттер оқу бағдарламаларына шығармашылық сипаттағы пәндерді көбірек енгізіп, либерализациялап жатыр. Бүкіл әлем жан-дүниесі гармонияда, санасы креативке толы тұлғаны тәрбиелеп шығарудың қажеттілігі мен құндылығы туралы айта бастады. Онсыз өркениеттің ары қарай дамуы мүмкін емес.

Адам миын, оның шығармашылық қабілеттерін зерттейтін мамандар музыкант, актер, суретші деген мамандық иелеріне жаңа көзқараспен қарай бастады. Музыканттар концерт кезінде ағза мен мидың қарама-қайшылық, антагонистік жағдайда жұмыс істейтінін біледі. Олар сол күйді еңсеруі керек, яғни эмоцияны басып, салқынқанды болуы, психикалық жағдайы өзгергенде өзі де шапшаң, ширақ бола білуі, бір уақытта күрделі техникалық қозғалыстың ағымын, музыкалық форманың қалыптасу процесін бақылауы тиіс. Бұған қоса осы сәттің бәрінде «толқында» болуы керек, ағза мен миы орасан зор жұмыс істеп жатқанда ол жеңілдікті бейнелеп, ең жоғары деңгейдегі ішкі еркіндігін көрсетуі керек.

Ал осы қасиеттің бәрі тек музыкантқа ғана керек пе? Қазіргі жағдайда кез келген салада болмасын жетістікке жеткісі келетін кез келген тұлғаға жоғарыда айтылған қабілеттер өте қажет. Сондықтан заманауи білім беру жүйесі өткен ғасырға қарағанда қазір барынша жастардың шығармашылық потенциалын ашуға бағытталуы керек. Және ол тек жастарға қатысты емес, жасы мен жағдайына қарамастан әрбір адам үшін де өзекті.

Мен бұрығысынша музыкамен айналысудың пайдадан басқа еш зияны жоқ деп есептеймін, ол оқушының қабілеті мен дайындық деңгейіне еш байланысты емес. Бірақ шығармашылық білім беру деген түсініктің өзгергенін де түсінемін. Баланы, жасөспірімді және тіпті мұғалімді қорқыныштан, сенімсіздіктен, күдіктен азат ету керек, сонда ғана адам қандай іспен айналыспасын, физика, робототехника, оюлы арамен өнер туындысын жасасын немесе электронды музыкамен айналыссын, бастысы өз жұмысына нағыз шығармашылықпен қарайды. Мұнда мәселе не істеуде емес, кімнің және қалай айналысатындығында және қандай дағдыны меңгеретіндігінде. Егер мен бұрын бір бала екіншісіне қарағанда таланттырақ деп есептесем, қазір әр баланың бойындағы дарынды танып, сыртқа шығару керек деп білемін.

Осы жағдайда біз мектебіміздегі мұғалімдерге көбірек уақыт бөліп, олардың сабақтағы үйреншікті тәсілдерін өзгерте бастадық. Бұл – амбицияға толы міндет. Бұрын-соңды біздің мектебімізде жеке тұлғаны дамыту, тұлғаның әлсіз және мықты тұстарын тану, өз-өзін басқаруға қатысты көп тимбилдингтер мен семинарлар, мұғалімдерге арналған алуан түрлі шаралар болған емес. Олар майлы бояумен де, акрилді бояумен де сурет салады, билейді, барабанда ойнауды үйренді, дұрыс тамақтану қағидаларын зерттейді.

Айтқандай, соңғы уақытта мен бізде қазақ тіліндегі әдістемелік және дамытуға арналған материалдар аз екенін байқап жүрмін. Психология, жеке даму жалпы қызықтырған кез келген сала бойынша өте аз... Сондықтан біз өз контентімізді еселеп көбейтуіміз, оған қолдау көрсетуіміз керек. Сонда қоғамдағы білім беру және мәдениет деңгейіне наразылық білдірмейтін боламыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3958 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Начинали с базара: как Александр Дериглазов с братом построили империю «Меломан» Смотреть на Youtube