Қазақстандық шеберлердің бұйымдарын Alibaba және Amazon алаңдарына қалай шығаруға болады?

Бұл туралы Forbes.kz тілшісін сұхбат берген «Born Nomad» арт-директоры, бизнес-тренер әрі дизайнер Айка Әлемі және жоба қатысушылары айтып береді

Қазақстан қолөнершілерінің арасындағы бәсекелестікті қалай арттыруға болады? Қазақ даласында кең тараған көне кәсіпті, мәдениет пен өнерді, ұлттық дәстүрді қалайша жаңа деңгейге көтеріп,  ұлт  шеберлерінің құнды бұйымдарын әлем нарығына шығаруға болады? Иә, қазіргі заманда отандық өнімді сыртқы нарықта  ілгерлету үшін мүмкіндік мол, себебі онлайн-сауда дамуда, жаһандық интернет-дүкендеріне  шығудың жолдары көп. 2021 жылдың жазында қолға алынған «Born Nomad – Power Award» атты бірлескен жобаның, ұлттық байқаудың мақсаты да қазақтың бай мұрасын қайта жаңғыртып, оны кеңінен насихаттауға, дәстүрлі қолөнер  мен шығармашылық индустрияны жан-жақты дамытуға бағытталған болатын.

- «Born Nomad» ұлттық қолөнершілер байқауы Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының бастамасымен және қаржылай қолдаумен жүзеге асты. Елшілік өкілдерінің негізгі мақсаты-қазақстандық шеберлердің жұмыстарын бір жерге жинау және көрсету болатын. Аталған саланы дамыту үшін және шараны ұйымдастыру үшін олар тендер жариялады. Ал мен оған қатысып, өз идеяларымды ұсындым. Олар: сайт пен әлеуметтік парақшаларын ашу, шеберлер дарынын коммерцияландыру және экспорттау, оларды ҚР және сыртқы нарықтарға дайындау, шеберлердің брендтерді, өнімдерді дамытуға арналған оқыту бағдарламасы, шеберлер мен басқа креативті мамандарға арналған сайыс өткізу, қолөнерді креативті индстриялардың ішіне енгізу, басқа креативті индустриялар, оның ішінде сән, интерьер, графикалық, компьютерлік, 3D-дизайн, сәулет, видеоарт, граффити сияқты салалармен коллаборация жасау, жаңа өнім шығару,  түрлі сала өкілдерімен бірігу және бас қосу. Менің идеяларым АҚШ елшілігіне ұнап, нәтижесінде тендерді жеңіп, мені аталған жобаның арт-директоры ретінде таңдады, - дейді дизайнер. 

Айка Әлемі
Айка Әлемі

Айка Әлемінің айтуынша жобаға Chevron Kazakhstan және ExxonMobil Kazakhstan демеушілік жасады. Ал «Атамекен» ҰКП жобаның бас серіктесі атанып, Қазақстанның 16 өңірімен байланыс орнатуға және басқа ұйымдастыру мәселелерін шешуге көмектескен. Сонымен қатар Қазақстан шығармашылық кеңесі, KazTrade, KazPost, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, Әйелдер күштері альянсы, Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі, Aid to Artisans, UN Women, Responsible Fashion Series, Atelier1,  Drape 3D серіктес ретінде қолдау жасаған. АҚШ елшілігі мәліметінше ондағы негізгі мақсат-қолөнершілер мен сауда өкілдері арасындағы ынтымақтастықтың  тиімді экожүйесін құру, шығармашылық индустрияның мүдделі тараптарын табыстыру арқылы Қазақстан мен АҚШ арасында коммерциялық синергия құру еді.

- Біз «Born Nomad» респубикалық шеберлер сайысының алдында  коммерциализация және нарыққа дайындау бойынша 17 вебинардан тұратын оқыту бағдарламасын өткіздік. Бұл оқу-бағдарламасы шеберлердің  сайысқа жан-жақты дайын болуына көмектесті. Жалпы оған 2 мыңнан астам  шебер қатысты. Арнайы тесттен өткен 400 астам шебер сертификат алды. Сайысқа 340 шебер өз жұмысын ұсынды. Пандемияға байланысты аталған сайыс онлайн форматта  өтті. Ал әділқазылар алқасы  тәуеелсіз 16 эксперт-мүшелерден тұрды. Сайыста 6 номинация болды. Осылай 1 турға 43 шебер өтті, финал 28 қазанда Түркістан қаласында өтті, - деді Айка.

Ұлттық жоба қатысушылары  келесі номинациялар бойынша бақтарын сынады: Дәстүр мен мәдениет, Инновация, Әйел шебері, Жас талант, 3D-қолөнері және Шығармашылық Ынтымақтастық. Яғни олар киіз басу, құрақ құрау, кесте өнері, кілем тоқу, зергерлік бұйымдар жасау, тері, сүйек, ағаш өндеу, 3D-дизайн бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Ал үздіктерді АҚШ және  Қазақстанның кәсіби топтарының өкілдері мен сарапшыларынан тұратын іріктеу комиссиясы анықтады.

- Әрине, қолөнер бұйымдарын экспорттау үшін және оларды халықаралық маркетплейстерде сату мүмкіндігі бойынша баршаға бірдей жағдай жасалады. Бірақ бұл үшін ең алдымен отандық бренд халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Міне, барлық проблема осыған келіп тіреледі. Өйткені шеберлер осыған баса назар аудару керек, осыны үйрену керек, жасау қажет. Бірақ бұл баршаның қолынан келе бермейді. Себебі олардың бренді мен бұйымдары бәсекеге төтеп бере алмайды және сапасы жағынан әлдеқайда жақсартуды қажет етеді. Жаһандық нарықта бәсеке өте күшті. Ал қазіргі біздегі төмен дәрежедегі заттарды ешкім күтіп отырған жоқ. Осының бәрін ескере отырып, біз  шеберлерді жаз бойы  арнайы  бағдарлама бойынша оқыттық және олар байқаудың бірәз кезеңінен өтті. Бірақ бұл тек басы ғана. Қазір біз бастапқы әрі бірінші оқу маусымы аяқталғаннан кейін және сайыс нәтижесі бойынша KazTrade-тегі серіктестермен өзара бірлесіп, шетелдегі маркетплейстерге шығу және сату бойынша көмек берудеміз. Бірақ бұған әлі уақыт керек. Яғни, сатуға шығаратын арналар әзір, бірақ оған біздің шеберлеріміз дайын болмай отыр. Өйткені  олардың өндірістік желілері әрдайым сұраныста емес, себебі олар бүгінгі трендтер мен коммерциялық ойларға негізделіп жасалмаған. Оның үстіне тауарлардың өзіндік құны, көтерме және бөлшек бағалар дұрыс есептелмеген. Нәтижесінде брендинг, көрнекі байланыс, маркетинг және қаптама мәселелерінде кемшіліктер туындайды. Сонымен қатар бағаға әсер ететін жағдайлар бойынша, оның ішінде жеткізу мен кедендік ережелер бойынша және өнімді сертификаттау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мәселелер шешішу үстінде, - дейді спикер.

Әсел Мектепбаева
Әсел Мектепбаева

Әсел Мектепбаева «Born Nomad» жобасында бағын сынап, екі номинация бойынша жеңімпаз атанды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны зергерлік бұйымдарды жасаумен айналысады, «JEZ» брендінің негізін қалаған кәсіпкер.  

- Мен өз компаниямның негізін осыдан екі жыл бұрын қаладым. Мен оны жәрмеңке үшін өте асығыс жағдайда аштым. Сондықтан болса керек, оны дамыту баяу жүрді. Өйткені менде бизнес жоспар болған жоқ, мен ешқандай бағдарлама әзірлеген жоқ едім. Бастапқы салған қаражат көлемі 15 мың теңге болды, 10 мыңы үстелдің арендасына жұмсалды, сол күні инстаграм- аккаунт аштым, логотип ойлам таптым. Қалған 5 мыңын шикізатқа, күміс пен  жезге салдым. Бұл алғашқы бұйымдардың бірінші партиясын жұмсауға кетті. Қазір логотипті баспа және электрондық форматқа ыңғайластырып, оның жұмысын дұрыс жолға қойдық. Бәрі сәтті басталды деуге болады, - деді Әсел.  

Бес айға жалғасқан байқау қорытындысы Түркістанда аяқталған еді. Нәтижесінде еліміздің әр өңірінен 21 шебер түрлі номинация бойынша жеңімпаз атанды.

- Бұл байқайға қатысу маған үлкен және керемет мүмкінік тудырды. «Атамекен» және «Айка Әлемі» арқылы және олар ұйымдастырған білім беру бағдарламасы арқылы қолөнерді дамыту мен бренд қалыптастыру бойынша көп ақпарат алдым. Осы арқылы тұрақты баға саясатын қалыптастырдым, бұның бәрі осы жобаның нәтижесі. Қазір өзім Қазақ өнер университетінде білім алуды жалғастырудамын. Әрине, соған байланысты маған жұмысқа көп көңіл бөлу мүмкін бола бермейді. Дегенмен, қазір өз алдыма  ЖК(ИП) аштым, оны тіркедім. Тағы бір айта кетері, бұл жеңіс маған бірнеше қазақстандық дизайнермен коллаборация жасауға жол ашты және біз алдағы қаңтардан бастап бірге істейміз. Сонымен қатар «Айка Әлемі»-нің менторы болу  бұйырды, бұл жұмыс көктемде немесе жазда басталады-дейді жоба жеңімпазы.    

Айка Әлемі
Айка Әлемі

Балнұр Ахметқазиева. Ұлттық киім үлгілерін қазіргі заманның нақышымен үйлестірген әрі оны ұлттық жобаға ұсынып, кезекті номинация бойынша  бірінші орынды иеленген  дизайнер.

- Менде қазақы нақыштағы жакеттер болды. Креативті коллабрация, яғни үлгілерді өзаара  үйлестіру номинациясы бойынша жұмыс істедім. Ал бұл байқау алдында тестілеуден өттік, одан кейін  тамаша сабақ алдық және нәтижесінде жақсы идеялар келді. Бұл негізінен брендт қалыптастыру, шығындар, минусқа кірмеудің  жолдары, есепті қалай жүргізу керек деген  сияқты мәселелер. Бұл біз үшін өте қызық болды. Ал бірінші орынды мүлде күткен жоқпын. Өте қуандық. Сонымен қатар онда көптеген дизайнерлермен таныстық. Ой- өрісіміз, фантазиямыз одан сайын ашылып, содан тағы бір брендтің негізін қаладым. Сол киімдерге  аксессуар ретінде сырға, сақина жасауды қолға алдым. Қазір олар жақсы сатылып жатыр, - дейді жоба жеңімпазы.      

   

Қазақстандық дизайнер келешекте әлемдік онлайн-дүкендерге шығуды жоспарлап отыр. Себебі оның бұйымдарына шетелдіктер тарапынан қызығушылық өте жоғары. Қазір  қолөнер шебері осы бағытта жұмыс істеуде.

- Менің ойлап отырғаным Алибаба. Себебі  көбі сол алаңды қолданады. Біздің өнімдеріміз көбіне әйелдерге арналған. Қазір Нұр-Сұлтан қаласындамыз. Өзіміздің жеке орталығымыз, тігін цехы, тігіншілеріміз бар. Сонымен бірге биыл «Атамекен» ҰКП 5 млн теңге ұтқан едім. Соған машинкалар, басқа дүниелер берілді. Сол бойынша жұмыс істеудеміз.   

   

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
12745 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Naimi.kz: Казахстанцы не хотят работать Смотреть на Youtube