Қазанда Абай орталығы ашылды

Қазан федералдық университетінің филология және мәдениетаралық коммуникация институты базасында Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы қатысты.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Қазан федералдық университетінің президенті Рияз Минзарипов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Ардақ Бейсенбай, қазақ диаспорасының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, Татарстанның мемлекеттік органдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар Абай орталығы қазақ тілін оқыту және дәріптеу, мәдени байланыстарды нығайту, оның тарихы, бастаулары, заманауи жетістіктерімен және даму перспективаларымен танысу мақсатында құрылғанын атап өтті. Орталық қазақ-ресей ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстан мен Татарстан студенттерінің өмірі мен жетістіктерін көрсететін ғылыми жарияланымдармен, оқу-әдістемелік материалдармен алмасуды, сондай-ақ мәдениет және ғылым саласында конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды көздейді.

Абай орталығының ашылуы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен жүзеге асырылды, онда классикалық және қазіргі қазақстандық авторлардың әртүрлі көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттері жинақталған.

Бұдан басқа, Еуразия ұлттық университеті мен Татарстан Республикасының Ғылым академиясы арасында тәжірибе алмасуды, біліктілікті арттыруды, Орталық Азиядағы ғылым, мәдениет және тарих мәселелерін терең әрі жан-жақты зерделеуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен іске асыруда өзара іс-қимылды белгілейтін және дамытуды көздейтін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте