Талғат Тұрлыбаев «Қазақстан инжиниринг» басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 14 мамырдағы шешімімен «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Талғат Тоқтарханұлы Тұрлыбаев тағайындалды, деп жазды Kazinform

Бұл туралы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ ресми сайтынан мәлім болды.

Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мектебі, Мәскеу қаласы 1990 жыл, біліктілігі – Шығыс елдері бойынша маман;

Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, Мәскеу қаласы 2015 жыл, біліктілігі - құқықтану магистрі.

Жұмыс тәжірибесі

1984-1985 слесарь-жөндеуші, Рубцовск машина жасау зауытының Семей филиалы Семей қаласы

1990-1996 Аға жедел уәкіл, ҚР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті-Ұдттық қауіпсіздік комитеті Семей қаласы

1996-2002 Директордың орынбасары, «Қазақстанның Халық Банкі» ААҚ-ң Семей филиалы Семей қаласы

2002-2005 ҚР ҚМ «Броньдалған танк жөндеу зауыты» РМК Бас директоры, «Семей инжиниринг» АҚ Семей қаласы

2005-2008 Атқарушы директор, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Астана қаласы

2008-2008 Коммерциялық ұйымда Бас директор Астана қаласы

2009-2011 Бас директор, ҚР ҚМ «Қазарнайыэкспорт» РМК Алматы-Астана қалалары

2011-2013 Бірінші хатшы (Істерді басқарушы), ҚР РФ Елшілігі Москва қаласы

2014-2017 Басқару төрағасының орынбасары «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Астана қаласы

03.2017-06.2017 Президент, «Әскери-стратегиялық зерттеу орталығы» АҚ Астана қаласы

06.2017-қазіргі уақытта «Семей инжиниринг» АҚ Бас директоры Семей қаласы

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте