«Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті салған мердігерге қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасынан мәлім болды.

Арнадағы мәліметтерге қарағанда, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ч.С. Аринов «Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің осы нысанды салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтаған (Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр).

Осыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР Қардылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте